Дәріс 2. Тірек-қимыл жүйесі, маңызы мен қызметі. Остеология Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Остеология ғылымы
Адам қаңқасы
Сүйек мүше ретінде
Сүйектердің түрлері
Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тірек-қимыл аппаратына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Сүйектер бұлшық етсіз, буын-байламдарынсыз қимыл қызметтерін атқара алмайды.
Остеология - анатомияның адамның сүйек қаңқаларын зерттейтін бөлімі. Адам қаңқасы деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Ол тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды, оның активті элементі бұлшықет болып табылады. Еркек адамдарда қаңқасының орташа салмағы 10 кг, ал әйелдерде 6-8 кг құрайды. Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Күрделірек біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, ал қосымша қаңқаға — қол, аяқ сүйектері кіреді.
Адам қаңқасы. Біліктік қаңқаның тұлға бөлігі бөлек звенолардан тұрады (омыртқалар, қабырғалар, төстік бөліктері). Вертикалді орналасуына байланысты біліктік адам қаңқасының өзіндік ерекшеліктері бар. Жануарларға қарағанда адамның омыртқалары — вертикалді бірнеше серпімді иілімдері бар жота. Организмде адам қаңқасының қызметі маңызды және әртүрлі болады. Бас қаңқасы миды, есту, көру, иіс сезу, асқорыту және тынысалу мүшелерін қорғап тұрады. Жамбас астауында несепқуық, жатыр, қынап, жатыр түтіктері, әйелдерде аналық бездер, еркек адамдарда қуықасты бездер орналасады. Сонымен бірге, адам қаңқасы жұмсақ тін мен мүшелер үшін тірек қызметін атқарады. Ол адам организмінің дене сегменттерінің ішкі қалпын анықтайды. Қазіргі кезде адам қаңқасының биологиялық келесі қызметтеріне минералды зат алмасу, қан алмасу, иммунды кезеңдеріне көңіл бөлінген.
Сүйек мүше ретінде. 200-ден астам сүйектер, активті жұмыс атқарушы және үнемі жаңарушы мүше болып табылады. Сүйекке енуші қан тамырлары мен нервтер барлық организммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сүйектердің ішкі қүрылысының ерекшелігі оның кеуекті және тығыз затына байланысты. Тығыз зат (substantia compacta;) Сүйектің шеттерінде тығыз қабатпен орналасады. Оның негізін сүйек табақшалары құрайды. Сүйектің құрылымдық бірлігі — остеон больш табылады, яғни қан тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады. Остеон аралығында кеңістік қоңдырма табақшалармен толтырылған. Сүйектің бетін остеондар мен қондырма табақшалар сыртқы қоршалған табақшалармен, ал ішкі жағынан ішкі табақшалармен жабылған.
Кеуекті заттар (substantia spongiosa;) тығыз заттардың астында орналасып, кеуекті құрылысты болып, тік шарбақшалардан тұрады. Олардың микроскопиялық құрылысының негізін сүйек табақшалары құрайды. Жілік майы (medulla ossium) мүше ретінде сүйектің құрама бөлігі болып табылады. Жілік майы екі түрлі болады: қызыл және сары. Қызыл жілік майы (medulla ossium rubra) қан және сүйек жасайтын маңызды ағза болып табылады. Ол қан тамырларына, қан түзуші элементтерге бай, сондықтан ол қызыл жілік майына қызыл түс береді. Торлы тінді құрайтын ілмектерінде сүйектің қан жасайтын элементгер (бағаналық жасушалар), сонымен бірге оны бұзушы (остеокласттар) және түзуші (остеобласт) элементтер орналасады. Пісіп жетілгеннен кейін қандағы жасушалар қор арнасына түсіп, бүкіл организм бойынша таратылады. Сары жілік майы (medulla ossium flava) май жасушаларынан түзілетіндіктен сары түсті бола-ды. Сүйек қабығының сыртқы және тығыз фиброзды талшықтардан құралған. Сүйек қабығы қан тамырлар мен нервтерге өте бай, сүйектің жіңішке өзегі арқылы өтіп, сүйекті қанмен қамтамасыз етіп, нервтендіреді.
Сүйектердіңтүрлері.Даму жағдайына, ішкі құрылысына байланысты сүйектердің пішіндері әртүрлі болып келеді. Сүйектер келесі түрлерге бөлінеді: түтікті, кемікті, жалпақ, аралас, ұзын (тоқпан жілік, білек, ортан жілік, сирақ сүйектері) және қысқа (білезік, тілерсек, алақан саусақтары мен табан бақайларының бақайшықтары).
Түтікті сүйектер шығыңқы цилиндр тәрізді бөлігі диафиз (diaphysis) деп аталады. Ол тығыз заттан тұрады. Диафиздің ішінде сүйек қуысы (cavitas medularis). Ұзын түтікті сүйектің диафизінің жиегінде эпифиз (epiphysis) ол кеуекті зат қызыл жілік майымен толтырылған. Эпифиз бен диафиздің арасьшда метафиз (metaphysis) орналасады. Түтікті сүйектер көбінесе тоқпан жілік, білек, ортан жілік, сирақ, алақан саусақтарының бунақтары мен табан бақайларын құрайды.
Кемікті сүйектер тығыз заттың жұқа қабатымен жабылған кеуекті заттан құралған. Олардың ішінде ұзын кеуекті сүйектер (қабырға, төс) мен қысқа кеуекті сүйектер (омыртқа, білезік, тілерсек сүйектері) жатады. Кемік сүйектерге сіңірлі бұлшықттерде, буындар аумағында орналасқан дәнтәрізді сүйектер кіреді. Олар сіңірлерді бекітіп, буындарды зақымданудан қорғайды. Мысалға: тізе тобығы (patella) және бұршақтәрізді сүйек (os pisiforme).
Жалпақ сүйектер кеуекті заттың жұқа қабатынан тұрады, сыртынан тығыз затпен қоршалған. Жалпақ сүйектерге: бассүйектің жалпақ сүйектері (маңдай және шүйде сүйектері), сонымен бірге иық, жамбас белдеулерінің жалпақ сүйектері (жауырын, жамбас сүйектері) жатады.
Аралас сүйектер адам қаңқасының (омыртқа, бассүйек) әр түрлі бөліктерінде орналасқан. Бұл сүйектерде кеуекті және жалпақ сүйектердің де элементтері (негізгі бөлік және шүйде сүйегінің қабыршақтары) болады. Аралас сүйектерге қызметтері, құрылысы мен дамуы әр түрлі сүйектер жатады.
Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.
Кептірілген сүйек 1/3 бөлігі органикалық, 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттар сүйектің жақсы иілуіне, серпімділігін арттырады, ал неорганикалық заттар (тұздар) қаттылығын арттырады.