Дәріс тезистері


Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі



бет15/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі. Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі жақ бөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары уызы бөлшектенбейді. Бұған құс жұмыртқасының жасушасы мысал бола алады Сары уызы аз жұмыртқа жасушалары толық бөлшек- тенеді, оны қандауыршаның жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырайық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен сон бірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады - осы әрекетті бөлшектену деп атайды.Ұрықтанған жасуша, яғни зигота одан кейін осылардың әрқайсысы бойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі. Бұдан кейінгі бөліну көлденен бағытта жүріп сегіз жасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде 16, 32, 64, 128, т.б. бластомерлерге айналады. Осындай митоз жолымен бөлінудің нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлер деп атайды.Алғашқы бластомерлердің санының өсуі геометриялық прогрес- сияға сай келеді. Бөлшектену жедел жүретін болғандықтан, бласто- мерлер өспейді, керісінше олардың көлемі кішірейе түседі. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушалардан іші қуыс шар түзіледі. Бұл бір қабатты ұрық - бластуланың қалыптасқандығын көрсетеді. Сонымен, бөлшектену кезеңі шар тәрізді бластуланың қалыптасуымен аяқталады. Жасушалар әрі қарай бөліне береді де, дамудың келесі кезеңі басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет