Мүшелердің дамуы. Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жүре береді, бұдан кейінгі сатыны – нейрулла деп атайды. Бұл сатының негізгі ерекшелігі, осы кезден бастап келешек дернәсілдің (личинканың) немесе ересек ағзаның жеке мүшелері қалыптаса бастайды.Нейрулла сатысында эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі. Осы жасушалардан жүйке тақташасы түзіледі де, соңынан ол жүйке түтігіне айналады. Бұл ми мен жұлынның дамуына бастама береді. Мидың дамуына байланысты эктодерма қабатының басқа бөлімінен әр түрлі мүшелер пайда болады. Мәселен, ми бөлімінің алдыңғы жағынан бокал тәрізді екі көздің бастамасы біліне бастайды. Сыртқы жабын тері мүшесі, есту мүшесі және иіс сезім мүшелері пайда болады, осыдан кейін ұрықтың дамуы жедел- дей түседі екен. Дәл осы мерзімде энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелерінің бастамасы алғашқы ішектің асқорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйкыбез, т. б. дами бастайды. Ортаңғы қабат мезодермадан алдымен желі, бұлшықет, шеміршек және қаңқа, бүйрек сол сияқты болашақ ағзаның қантамырлар жүйесі дамиды. Жасушадағы эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын қамтамасыз ететін хромосомалардың әр түрлі кесіндісінің (әр түрлі ген) жұмысы күшейе түседі. Осының нәтижесінде жасушадағы ақуыз синтезінің қарқындылығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Мұның өзі жер шарыңдағы тірі ағзалардың шығу тегінің бір-біріне байланысты екенінің бір дәлелі болып табылады. Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады.Постэмбриондық даму екіге балінеді: дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады; түрленіп даму- эмбриоңдық дамудан кейін дернәсіл пайда болады да ішкі және сыртқы белгілері, қоректенуі мен қозғалуы, т.б жөнінен сол түрдің ересек ағзасымен салыстырғанда да ерекше болады. Дұрыс дамуға жорғалаушыларды, құстар мен сүтқоректілердің дамуын мысалға келтіруге болады, омыртқасыз жануарларда сүліктер, қырықаяқтар және өрмекшілер де осы жолмен дамиды.Түрленіп даму- негізінен омыртқасыз жануарларға тән қасиет. Мәселен, ішекқуыстылар, жалпақ және буылтыққұрттар, шаянтәрізді- лер, бунақденелілер, т.б. ал омыртқалылардан амфибиялар түрленіп дамиды. Дернәсілдік дамудың (түрленіп даму) биологиялық маңызы өте зор. Ересек түрімен дернәсілдің арасыңда тіршілік үшін күрес (мекені, қорек, т. б.), болмайды. Мысалы, ересек бақа құрлықта тіршілік етіп, бунақденелілермен қоректенсе, ал оның дернәсілі итшабақ суда тіршілік етеді, сондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір ағзалардың дернәсілдері сол түрдің таралуына да жәрдем- деседі. Мысалы, көптеген отырықшы немесе аз қимылдайтын құрттар мен былқылдақденелілердің дернәсілдері планктон құрамына кіріп, еркін жүзеді де, сол түрді таратады, ал есейгенде тасқа немесе су балдырларына бекініп тіршілік етеді.