Дәріс тезистері


Ақпарат теориясының негізгі түсініктері мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата20.01.2023
өлшемі362,62 Kb.
#62142
1   2   3   4   5
Ақпарат теориясының негізгі түсініктері мен міндеттері 
Ақпарат теориясы және оның мамандық пәндеріндегі орны 
Байланыс, телемеханика және есептеу техникасы құралдарын 
пайдаланбай, автоматтық басқаруды кеңінен ендіру мүмкін емес. Техникада, 
өндірістік процестерде және халық шаруашылығы саласында автоматтық 
басқару процесінде, басқару жүйесінің жеке түйіндерінің арасында, адам мен 
техника және жеке адамдар арасында ақпарат алмасу қарқынды жүреді. 
Кешендік автоматизация және электронды-есептеуіш машинасының 
толық жетілуі, тасымалдау көлемі мен жылдамдығын күрт өсіреді және бір 
мезгілде оның дұрыстығына жоғарғы талаптар қойылады [2, 3]. 
Қазіргі заманға сай, техникалық жүйелердің сан алуан түрлерінің 
ішінен ақпаратты тасымалдауға, түрлендіруге және сақтауға арналған 
ақпараттық жүйелер деп аталатын ерекше топты бөліп көрсетуге болады 
(байланыс, локациялық, навигациялық, теледидарлық жүйелер, электронды-
есептеу және ақпаратты – өлшеу техникалары, автоматтандырылған басқару, 
бақылау жүйелері, т. с. с.). 


Ақпараттық жүйелердің жұмысының негізі – энергияның тасымалдау 
және өзгерту процестері болып саналады. Олар энергетикалық құрылғылар 
мен жүйелерден (қозғалтқыштар, электрлік генераторлар, электртасымалдау 
жолы) өзгешеленеді. 
Ақпаратты тасымалдау, жинақтау немесе ақпараттың бұрмалану 
мүмкіндігі мен шығындарды ескере отырып, максимальды ақпарат мөлшерін 
бір уақыт бірлігіне түрлендіруі –ақпараттық жүйелердің жұмыс сапасының 
негізгі көрсеткіші болып саналады. Басқа сол секілді энергетикалық 
орнатқыштар жұмысының пайдалы коэффициенті емес [7, 9].__6 
Ақпараттық жүйелерде энергетикалық қалыптар екінші рөл атқарады, 
ал энергияның өзі – транспорттық құралдар ретінде қолданатын сигналдың 
сипаттамасы болып саналады. 
Ақпараттық жүйелер – объектіні басқаруға қажетті ақпаратты 
жинақтау, сақтау, жаңарту, тапсыру, өңдеу және тасымалдаудың жүйесі. 
Ақпарттық жүйенің есептері [2, 8, 9]: 
1. Жүйенің ішінде және сыртында болып жатқан құбылыстар туралы 
ақпаратпен қамтамасыз ету. 
2. Шешім ережелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. 
3. Объектінің ортасы туралы, т.б. мәліметтерді тіркеу, 
талдау және бағалау. 
4. Басқарылатын процестердің жүрісін бақылау, басқарылатын жүйенің 
негізгі жағдайы туралы мәліметтер жинау, талдау және бағалау. 
5. Мәліметтердің кірісі мен өңделуін қамтамасыз ету. 
6. Шешім қабылдауға өңделген мәліметтерден, қажетті көлемде ақпараттар 
алу. 
7. Шешім қабылдайтын административтік және мотивациялы ақпаратпен 
қамтамасыз ету. 
8. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.
Ақпараттық 
жүйелердің 
дамуына 
сәйкес, 
ғылыми 
пәндердің
дифференциациясы жүріп отырды. Ақпараттық жүйелердің жеке түрлерінің 
теориясы және синтезі сұрақтарымен айналысатын автоматтық басқару 
теориясы, автоматтық бақылау теориясы, радиобайланыс және желілі
байланыс, телемеханика, бағдарламалау, т.б. пайда болды және олар даму 
үстінде. Бұл жүйелердің теориялары мен тәжірбиелерінің ілгері дамуы – 
«кибернетика» атты жалпы теориялық пәнге біріктіріліп, олардың құрылыс 
теориясында, жалпы негіздерді ұйымдастырды. 
Кибернетика машиналарда, тірі организмдерде және олардың 
жиынтығында ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу және қолдану әдістері 
туралы ғылым. Ол тірі организмдер секілді машиналарда жіберу процесі, 
ақпаратты өзгерту және қолдану негізінде мақсаты әрекеттерді орындайтын 
жалпы заңдар мен қағидаларды бекітеді. Егер жалпы кибернетиканың негізгі 
мақсаты – түрлі табиғаттағы ақпараттық процестер мен олардың 
алгоритмделуін талдаумен негізделсе, онда техникалық кибернетика – осы 
алгоритмдерді жүзеге асыратын ақпараттық құрылғылардың синтезімен 
айналысады. 


Техникалық кибернетика өзіне үш бағытты біріктірген [13, 17]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет