Дәріс тезистері


– бұл сақтау, тасымалдау және түрлену объектісі болып саналатын  мәліметтер. Ақпарат –



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата20.01.2023
өлшемі362,62 Kb.
#62142
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лек1АкпарБеруТеор

– бұл сақтау, тасымалдау және түрлену объектісі болып саналатын 
мәліметтер. Ақпарат – ең бірінші, қолданылатын мәліметтер. 
Ақпараттық жүйелердің негізгі түсініктері мен анықтамаларын ақпаратты 
тасымалдау жүйесінің мысалында қарастырамыз (1.1-сурет). 
1.1-сурет. Ақпарат тасымалдау жүйесі 


Ақпарат тасымалдау жүйесі ақпараттық жүйелер ретінде мына 
блоктардан тұрады: ақпаратты жіберуші, байланыс жолы, қабылдаушы 
[8,10,18]. 
Ақпарат – жүйеге хабарлама түрінде түседі. Хабарлама белгілі бір 
пішінде көрсетілген және кейінгі түрлендіруге жарамды ақпарат. Яғни, 
хабарлама – ақпаратты көрсету пішіні (телеграммалар мәтіні, шешеннің сөзі, 
аспап көрсеткіші). 
Хабарламаны сәйкес мекенжайға тасымалдау үшін алдын ала сигналды 
түрлендіру қажет. 
Сигнал – хабарламаны физикалық тасымалдаушы. Тасымалдаушы 
құрылғыдан қабылдаушы құрылғыға ақпаратты тасымалдау жүзеге асатын 
физикалық орта – байланыс желі деп аталады. 
Сигналдардың түрлері – электрлік, электромагниттік, жарықтық
механикалық, ультрадыбыстық сигналдар
Хабарламаны 
тасымалдау 
үшін, 
байланыс 
жолында 
тиімді 
қолданылатын оны тарата алатын тасымалдаушыны қолдану қажет 
(өткізгіштік жол – жиіліктің тұрақты және айнымалы токтары, т.б.). 
Байланыс жолы арқылы өтуге ыңғайлы хабарламаның сигналға 
түрленуі, байланыстың тасымалдаушы құралы арқылы жүзеге асады. 
Хабарлама – ақпаратты уағыздайтын таңбалар немесе алғашқы сигналдардың 
жиынтығы. Хабарламаның ақпарат көзі –ақпарат көзі (АК) мен алғашқы 
түрлендірудің (АТ) жиынтығы. 
Кодтау процесі бойынша хабарлама сигналға түрлендіріледі. Кең 
мағынада кодтау дегеніміз – хабарламаның берілген канал бойынша 
тасымалдауға ыңғайлы сигналға түрленуі, ал тар мағынада – дискретті 
хабарламалардың символдардың белгілі бір үйлесімділік түріндегі 
сигналдармен көрсетілуі. Белгілі байланыс жолы бойынша тасымалдауға 
қолайлы хабарламаларды сигналдарға түрлендіру орындалады (немесе сақтау 
жүйелерінде оны жадыға сақтау үшін). Тасымалдау кезінде тасымалдайтын 


ақпаратқа сай, өзгертіп отыратын таңдалған тасымалдаушының бірнеше 
параметріне әсер етіледі. Мұндай процесті – модуляция деп атаса, 
модуляцияланған параметрлерді – ақпараттық деп атайды. 
Тасымалдау кезінде сигналдарға кедергілер әсер етеді. Кедергілер 
кернеудің кез келген кедергі жасайтын сыртқы әсерлері болып саналады 
(атмосферлық және өнеркәсіптік кедергілер; сыртқы көздердің әсері), 
сонымен қоса, аппараттың өзіндегі (аппараттық кедергілер) әсерінен
тасымалданып тұрған сигналдан қабылданатын сигналдың кездейсоқ 
өшірілуін (үзілуін) тудыратын сигналдардың бұрмалануы. Кедергілердің 
әсерін байланыс жолының сипатын эквивалентті өзгеруіне сай есте сақтауға 
тырысады. 
Қабылдағышта кері операциялар – демодуляция және декодтау 
орындалады яғни, ол қабылданған сигнал бойынша тасымалданатын 
хабарламаны қайта қалпына келтіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет