Дәріс тезистері



бет10/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Зат есім + зат есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесі компоненттерінің екуінің де жалпы грамматикалық мағынасы зат есімдер болады. Мысалы, Нұрсая студент, Олжастың кітабы, ұл бала. Есімдік + зат есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы есімдік, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы зат есім болады. Мысалы, сенің балаң, мына бала.
Зат есім + сын есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы зат есім, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы сын есім болады. Мысалы, малға бай, бәйбішеден кіші.
Зат есім + модаль сөз типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы зат есім, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы модаль сөз болады.
Сын есім + зат есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы сын есім, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы зат есім болады. Мысалы, қызық кітап.
Сан есім + зат есім типті сөз тіркестері. Сөз тіркесінің алғашқы компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы сан есім, екінші компонентінің жалпы грамматикалық мағынасы зат есім болады. Мысалы, он кітап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет