Дәріс тезистері



бет16/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Баяндауыш. Сөйлемде жiктелiп келiп, бастауыштың қимылын, iс- әрекетiн, кiм екенiн бiлдiрiп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше, түрде қиыса байланысып қолданылатын тұрлаулы мүшенi баяндауыш дейдi. Не iстедi? қайттi? деген сұрақтарға жауап бередi. Яғни предикативтiк iс- әрекеттi, сапаны бiлдiретiн сөйлем мүшесiн баяндауыш деймiз. Грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты. Баяндауыш сөйлемдi қалыптастыратын предикативтi форма болып табылады. Баяндауштың грамматикалық белгiлерi: а) баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше бiлдiрiп тұрған субъектiге тән предикативтiк iстi, сапаны айтады. Мысалы, Кiсi кеше келген –кеше келген кiсi осында. Бiрiншi сөйлемде баяндауыш келген, екiншi сөйлемде – осында. ә) Баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар –шақтық, жақтық, модальдық форма. Бұлар сөзге баяндауыштық форма бередi. Б) –дiкi, -нiкi жалғауларын жалғап иелiк форма алған сөздер негiзiнен баяндауыш қызметiнде жұмсалады. Мысалы, Кезек сенiкi. Баяндауыштар мағынасына қарай шақ мағыналы баяндауыштар, iс-әрекеттiң қарқынын бiлдiретiн баяндауыштар, iс-әрекеттiң, қимылдың қалпын бiлдiретiн баяндауыштар, iс-әрекет, қимылды бiлдiретiн мақсат, тiлек, қалау мәндi баяндауыштар, модаль баяндауыштар болып топтастырылады. Баяндауыштың грамматикалық тұлғасы – жiктiк жалғау. Жiктiк жалғау – әрi баяндауыш тұлғасы, әрi бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистiк амал ретiнде жұмсалады. Олар тек етiстiкке ғана емес, баяндауыш қызметiндегi I, II жақтық есiмдерге де жалғанады. Мысалы, Мен қырықтамын, Бәрiмiз колхозданбыз.Сөз табының бәрi баяндауыш бола алады. Негiзiнен баяндауыш болатын сөздердi жiктегенде, олар басты- басты мынандай екi салаға бөлiнедi: 1. Етiстiк баяндауыштар 2. Есiм баяндауыштар. Етiстiк баяндауыштар да, есiм баяндауыштар да дара және күрделi болып бөлiнедi. Екi түрi аралас айтылған баяндауыштар құрама болуы мүмкiн.
Құрама баяндауыштың негiзгi сөзi көбiнесе есiм сөз болады.
Етiстiк баяндауыштар. Етiстiктiң сөйлемдегi негiзгi қызметi – баяндауыш болу. Етiстiк баяндауыштардың өзiне тән мағыналық, грамматикалық ерекшелiктерi болады. Салт, сабақты етiстіктер, болымды, болымсыз етiстiктер баяндауыш болады. Сондай-ақ етiстiктердiң рай, шақ, етiс тұлғаларының барлығы да баяндауыш болады. Көсемше тұлғалы етiстiктер дара күйiнде құрмалас сөйлемдердiң баяндауыштары болып келе бередi. Бiрақ кейбiр өлеңдерде болмаса, жай сөйлемнiң тиянақты баяндауышы бола алмайды.
Есiмшелердiң баяндауыш қызметiнде жұмсалуы басқа есiмдер сияқты: I, II жақта жiктiк жалғауында айтылып, III жақта нөлдiк тұлғада тұрады. Есiм баяндауыштар.
Есiм сөздердiң қайсысы болса да баяндауыш қызметiнде жұмсала алады. Қазақ тiлiнде зат есiмдердi, сол сияқты басқа есiмдердi, түбiр күйiнде баяндауыш қызметiнде қолдану үшiн бастауыш пен баяндауыш олардың мүшелiк қызметiн айқындайтын дауыс ырғағы арқылы байланысып орын тәртiбiмен байланысса болғаны. Бұл есiмдердiң III жақта тұрып баяндауыш болуының алғы шарттары. Ал I, II жақтық есiмдерден болған баяндауыштарға тиiстi жiктiк жалғаулар жалғанады.Ондайда есiмдердi баяндауыш етуге дауыс ырғағының көмекшiлiк қатысы болмайды және бастауыш пен баяндауыштың қатар тұруы шарт емес. Есiмдерден болған баяндауыштар кiм? Не екенiн? қанша? қандай? екенiн бiлдiредi. Соны ескерген зерттеушiлерiмiз есiм баяндауыштардың негiзгi мазмұнын атрибуттық- предикат деп таниды. Септiк жалғаулы сөздер де баяндауыш бола алады. Жатыс жалғауында тұрған баяндауыш барыс, шығыс жалғауларынан гөрi жиi ұшырайды. Жатыс жалғауындағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай бастауыштың мекенiн, қалыпты күйiн, мекенiн бiлдiредi.
Тәуелдеулi сөздер баяндауыш қызметiнде бiр өзi тұрады немесе бастауышты өзiне меншiктеп тұрады. Мысалы, Райхан – қарындасым. Ал бастауыш та, баяндауыш та тәуелдеулi сөздер болса, оларда мағыналық қатынас болмайды.
Есiмдерден болған күрделi баяндауыштар 1.Түйдектi тiркес қалпында жұмсалады.2. Күрделi атаулар мен күрделi жалқы есiмдер 3. Изафеттiк тiркестегi есiмдер тобы.
Құрама баяндауыштар. Есiм мен көмекшi етiстiктен құралған күрделi баяндауышты құрама баяндауыш деймiз. Құрама баяндауыштың негiзгi сөзi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, елiктеуiш сөздер болады да оларға көмекшi етiстiктер (едi, екен, емес, ет, бол, қыл, көр) қатысты болады. Соңғылар сөйлемдi тиянақты етiп, баяндауыштардың мазмұнын түрлендiрiп, баяндауышты бастауышпен қиыстырып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет