Дәріс тұЛҒа психологиясындағы тұЛҒа және ұлттық сана мәселелері



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата21.09.2023
өлшемі344,2 Kb.
#109426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. Лекция -1

іс-әрекет субъектісі 
болып қалыптасады.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, 
оның 
жеке даралығын 
анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық 
ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсініледі.
Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек.
Тұлға құрылымы (В.А. Ганзен, 1984)
1.
Бағыттылық (мақсат, мотивацияқұндылықтар, қызығушылықтар) 
2.
Қабілет (дарындылық, шеберлік, гений) 
3.
Темперамент 
4.
Мінез 
В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, мінез, 
бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Бұл 
психологиялық сипаттамалар адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-қатынас 
жетістігінің негізі болып табылады.
Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет пен дәстүрлер 
ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда әрбір адам нақты бір ұлт өкілі және 
сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект. Ұлттық сана адамға өзін нақты бір ұлт өкілі және сол 
ұлттың құндылықтарын ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік беретін ұғым. Ол халықтың 
әлеуметтік даму барысында қалыптасады.
Ұлттық сана
халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тілімен, құндылықтар жүйесімен тығыз 
байланысты. Ұлттық сана халықтың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси тарихымен бірге 
қалыптасады. Осы тұрғыда ұлттық сана адамның өзін сол этностың бір бөлігі, сол әлеуметтік 
құндылықтардың өкілі ретінде тануына көмектеседі. Адам өзін өзге ұлт өкілдерінен ажыратып, өз 
ұлтына қатыстырады.
Бұл Б.Ф. Поршнев ұсынған «біз» және «олар»антитезасын суреттеп, ұлтық, этностық сана 
формуласын қалыптастырады.Ұлттық сана негізіне адамның өзінің бір «түбірге» қатыстығы, яғни 
өз халқының тарихына, рухани құндылықтарына, жетістіктері мен жеңістеріне қатыстығын ұғынуы 
жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет