Интроверт: Ерекше қасиеттері: Өз ісінің жөнділігіне сенімсіздік, айналасындағы болып
жатқан жағдайларды елемейді; өзге адамдардың пікіріне қарағанда, өз күші мен тілектеріне
сенімділік танытып; нақты құбылыстарға қарағанда, абстрактілі идеяларға таңдау береді.
Интроверттердің көңіл-күйлері бірқалыпты, аздап түсіріңкі болады. Олар өздерінің жеке басты
шаруалары мен сезімдеріне алаңдайды. Мұндай адамдар, әдетте, ұстамды, ұяң, өзі туралы айтқанды
ұнатпайды, және өзгелердің мәселерімен қызықпайды.Олар адамдармен сөйлескенге кітаптарды
артық көреді. Интроверттер қызметте теориялық және ғылыми істерді таңдайды.
Оқуда олар экстраверттерге қарағанда айқынды нәтижелерге жетеді. Интроверт адамдар өз
болашағын жоспарлағанды ұнатады, алғашқы ниет пен әуестеріне сенбейді, сатып алуда мұқият
ақылға салады және өз сезімдерін қатаң қадағалайды.
Осындай психологиялық сипаттамадағы адамдар бірқалыпты жұмысты жақсы көтереді, зейінді
қажет ететін істерде табысты, тыныштық жағдайында және күннің алғашқы жартысында жақсы
жұмыс жасай алады. Олар мақтауға қарағанда, жазалауға сезімталдық танытады.
Ақкөңілділік. Ерекше қасиеттері: Адамдарға деген позитивті қатынас, өзге адамдар
жанында болу қажеттілігі. Әдетте, бұл қайырымды, жауапты адамдар, олар өзгелерді жақсы
түсінеді, өздерін басқалардың аман-саулығына жауапты сезінеді, өзгелердің кемшіліктеріне
түсінікпен қарай алады.
Мұндай адамдар ұжымдық іс-шараларды қолдап, ортақ іске жауапкершілікпен қарайды, өз
міндеттеріне алған істі адал әрі жауапты орындайды. Өзгелермен қарым-қатынаста бұл адамдар
қайшылықтардан қашады және бәселестікті ұнатпайды; бақталастықтан гөрі ынтымақтастықты
артық көреді. Топта мұндай адамдар сыйлы болады.
Оғаштық. Ерекше қасиеттері: Тәуелсіз және дербес болуға ұмтылыс. Мұндай адамдар
қарым-қатынаста ара қашықтықты сақтауға тырысады және өздерінің жекеше көзқарасын ұстанады.
Олар қоғамдык істерден қашады және өз міндеттері мен уәдесіне ұқыпсыз болады.
Бұл фактордағы адамдар өзгелерге суыққандылық танытып, сөйлескен адамдарын түсінбеуі
мүмкін. Оларды алдымен өздерінің жеке басты мәселелері алаңдатады. Олар бәсекеде өз мүдделерін
өзгелердікінен биік қойып, қорғап қала алады.
Мұндай адамдар, әдетте, әр істің кемеліне жетуге тырысады. Өз мақсатына жету үшін олар
барлық жолдарды пайдаланады. Мұндай сипаттағы адамдар басшылыққа сирек демократиялық
жолмен жетеді.