Дәріс тұЛҒа психологиясындағы тұЛҒа және ұлттық сана мәселелері


Ұлттық сана халық бірлігінің басты факторы мен механизмі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата21.09.2023
өлшемі344,2 Kb.
#109426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. Лекция -1

Ұлттық сана халық бірлігінің басты факторы мен механизмі.
Ол тілде, халық 
дәстүрлерінде, аңыздар мен ертегілерде, әлеуметтік және тұрмыстық қарым-қатынаста, сөйлеу 
мәдениетінде, әдет ғұрыпта көрініс алады.
Қазақтың ұлттық деңгейіне қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесі мен өзінің 
бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында орыналып
өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және 
қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік әкелетін 
нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-әрекетін айтамыз.
Осыған байланысты Әл-Фараби мемлекетіне қызмет ететін адамның бойында болуы тиіс 
қасиеттерді былайша сомдаған: «болмыс мінсіздігі, әлеуметтік ортаға бейімділік, түсінік, ел 
жағдайын түсіне білетін және зерделей алатын қабілеттің, есте сақтау қабілетінің болуы.
Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, ақылды болу, сөзгешешен, өнер, білімгеқұштарлық, 
жалықпайтын, ізденебілетін, еңбекқор, қиындыққа төзімді, барлығына ақылмен зерделеп, сабырмен 
қабылдайтын мінез, ұқыптылық, үлгерімді, қанағатшыл, ар - намысы, ұяты мол, иманды, шыншыл, 
рухы биік, елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, тарихты білетін, ізгі нәрселерге ғана ұмтылатын, оңай 
олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы, қайрымды, рақымшыл, ақкөңіл, зұлымдығы жоқ, 
кез- келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін, батыл, ер жүрек адам. Осы әл-Фараби 
сомдаған кісілік қасиеттер ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел болмысының бойында ұялайды, 
ұлттық мінезді қалыптастырады.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің 
тұрақтылығы. 
Жеке тұлғаның психикалық 
көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы 
тұрақтылығы анық байқалады.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның 
бірлігі, 
жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық 
қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, 
табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары 
моральдық және дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. 
Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да 
жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.
Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның 
белсенділігі
, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге 
бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына орта, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, 
тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет