Флегматик темпераменті.
Павловтың сипаттауынша бұл барлық уақытта да
байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбеккер адам. Жүйке
үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір
қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып,
ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды,
флегматик
ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара
алады (шыдамды, зейінді, орнықты). “Мінез- құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының
біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір
қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе”.
Флегматик
салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына
жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұрт пен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп
жатады.
Баяулық пен селқостық флегматиктің осал жағы.
Оған ырғалып-жырғалуға,
жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің
оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе
қоймайтындығынан жақсы байқалады.
Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын
көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ
уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті
бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан
жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,
қиын жағдайлардан жол тауып
шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі
басым болады), кез-келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда
шектен тыс тежелу туғызады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу
қабілетінен деп есептейді.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды,
жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алаған
ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп,
табандылық көрсетеді.
Темпераменттің негізі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін
түрліше ұстайды екен. Бірде, темпераменттері әртүрлі төрт дос театрға кешігіп барады.
Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған?
Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі өз орнына барып отыруға
әрекеттенеді. Ол,
театрдағы сағат ілгері кеткен, жұртқа кесел келтірмей орныма барып
отыра қоямын деп салғыласып, билет тексерушіні итермелей бастайды.
Сангвиник партерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқа көтерілудің
қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді.
Флегматик, залға жібермейтінін көріп: “Алғашқы көрініс онша қызық болмайды.
Буфетке бара тұрайын”,- деп антракт болуын күтеді.
Меланхолинк: “Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрға келген едім,
олда сәтсіз болды” дейді де үйіне тартып отырады.