Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар


дәріс Денсаулық сақтау технологиясы



бет15/15
Дата12.04.2023
өлшемі186,66 Kb.
#81715
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ДӘРІС

15 дәріс Денсаулық сақтау технологиясы


Педагогика ғылымында «денсаулықты сақтау» ұғымы XX ғасырдың 90- жылдары қолданыла бастады және түрлі кезеңдерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері арқылы балалардың денсаулығын сақтауда қатынас өзгешелігін көрсетті. Отандық және шетелдік ғалымдар адам денсаулығының 7-8% денсаулықтықты ойдағыдай сақтауға, 50% - өмір салтына байланысты екендігін анықтады, сондықтан мектепке дейінгі ұйымның міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша педагог жұмысының тиімділігін арттыру. Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын таңдау: мектепке дейінгі ұйым типіне, мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына, педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне, балалардың денсаулық көрсеткіштеріне байланысты болады. Соңғы уақытта әртүрлі сала мамандарының назарын ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы айырмашылықтың гендерлік аспектілері қарқыны және интеллектуалдық даму сапасы, эмоционалдық әрекет қабілеттілігі, іс-әрекетті және жетістікті, мінез-құлықты бағалауы аударуда. Мектепке дейінгі ұйымның міндеті әр балаға өз мүмкіндіктерін сезінуге, оларды дамыту үшін дамытушы ойын ортасын құруға, баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көмек көрсету. Денсаулық сақтау технологиясы анықтамасынан балаларда денсаулық мәдениетін қалыптастыру маңызды мақсат екендігін байқауға болады. Денсаулық мәдениетін зерделемей, тәрбиелеу қажет. Денсаулық сақтау технологияларының мәні салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудан, денсаулықта болатын өзгерістерді болжаудан және соған сәйкес педагогикалық-психологиялық, түзету және сауықтыру шараларын өткізуден тұрады. Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады: - жас ерекшеліктерін ескеру; - жүйелілік пен бірізділік; - қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді); - қауіпсіздік (орта сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары элементтерінің сәйкестілігін ұсынады); - вариативтілік (балалардың танымдық, қимыл, ойындағы белсенділігін ынталандыратын құрал-жабдықтар мезгілімен ауыстырылуы тиіс); - баланың жетістігін сезінуі. Педагогтердің білім беру қызметінің денсаулыққа бағытталған әдістемелік ұстанымдарына ғалымдар (И.И.Брехман, Н.В.Колбанов, Г.К. Зайцев, 6 Л.Г. Татарникова) тұжырымдама жасады және кейін олар біздің жағдайға икемделді: - денсаулықты сақтау - Үлгілік оқу бағдарлама мазмұнын игеру қарқынын анықтауға бағытталады; - денсаулықты нығайту, әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, денеге түсетін салмақтың дұрыс мөлшерленуін сақтауды негізге алады; - денсаулықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталады, өтпелі тақырыптарды жоспарлауға сәйкес білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асырылады. Топтарда профилактикалық шараларды жүргізу: топ және жатын бөлмелерін кварцтау, ұйқыдан кейінгі жаттығу, тыныс алу жаттығуы, топ және жатын бөлмелерін желдету, таза ауада серуендеу, релаксация. Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет атқарады: релаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады; коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау. Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін Диагностиканың нәтижесі бойынша түзетуді қажет ететін балалармен түзету жұмысы жоспарланады, оның нәтижесі «Бақылау парағына» толтырылады; профилактикалық – физиологиялық және психологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу. Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді түрде кіріктіріледі: мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы «Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тыныс алу аппаратын нығайтады. Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметте бейімделуін, балалардың қимыл белсенділігін қажетсінуін іске асыруды және қимыл дағдыларын тиімді игеруді қамтамасыз етуге ықпал етеді.




252

253



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет