Дәріс: Заманауи педагогикалық технологияға кіріспе. Жоспар


 Үй тапсырмасын мөлшерлеу



бет13/15
Дата12.04.2023
өлшемі186,66 Kb.
#81715
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ДӘРІС

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу ( оқушының аудиториядан тыс өзіндік жұмысы)
Бұл бөліктің негізгі практикалық тұрғыдағы мақсаты – арнайы жасалған жаттығулар жүйесіндегі белгілі бір тапсырмалап көлемін өз бетінше орындау арқылы оқушыны диагностикаға дайындау.
4. Оқу процесінің логикалық құрылымы —  оқу процесіндегі сабақтар жүйесінің жалпы құрылымы.
5. Түзету – диагностикадан «сынақ» ала алмаған оқушыларға, яғни стандарт деңгейін меңгермеген оқушыларға арналған. Бұл өз кезегінде осындай оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізудің бағдарламасы болып табылады.
Бұл бөлікте технология авторы үш нәрсеге ерекше көңіл бөлуге кеңес береді:
Бірінші – мұғалімнің пікірі бойынша осы бөліктегі кіші мақсаттарға жету жолында кездесетін қиындықтар
Екінші – осы тақырыпта оқушыларға кездесетін үнемі жіберілетін қателіктер
Үшінші – оқушыны білім беру стандарты деңгейіне көтеретін әдістемелік және педагогикалық сипаттағы шаралар жүйесі.
Осы үш ұстаным әр кіші мақсаттарда қайталанып отырады.
Сонымен, технологиялық карта –барлық оқушылардың түгел
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясы негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет. Жоба жұмысы кезеңдері. Жұмыстың мазмұны. Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері. Оқушылардың іс - əрекеттері. 1. Дайындық кезеңі Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Əр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды. 2. Жоспарлау Топқа бөлу. Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобасы бойынша күнделігін тексереді. Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық " тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді. 3. Зерттеу жұмысы. Ақапарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұқбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Оқушы күнделігін бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке - жеке сөйлесу , талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке жəне жұптық жұмыс , анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценари жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.Білімін əр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады. 4. Нəтижені талқылау. Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видо техниканы жабдықтайды. Топ арандағы əркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. 5. Жұмыстың тұсау-кесері . Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады. 6. Бағалау жəне жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды. Технологиядағы жобаның түрлері: Ғылыми жоба; Шығармашылық жоба; Ойын түріндегі жоба; Ақпараттық жоба жəне т.б түрлері бар. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді. Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-əрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында əр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-əрекеті. Конфуцийдің естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын , өзім істегенімді - меңгеремін дегені - бұл технологияның негізгі ұстанымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет