Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Тақырып бойынша сұрақтар: ТАПСЫРМА



бет44/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Тақырып бойынша сұрақтар: ТАПСЫРМА:
1. Ордабасы съезі қашан өткізілді, онда қаралған негізгі мәселесі.
2. Буланты маңындағы шайқасы қашан болды және ол қалай аяқталды?
3.Буланты шайқасында ерлік көрсеткен батырларды ата.
4. Аңырақай шайқасы қашан болды, ол қалай аяқталды?
5. Аңырақай шайқасында үш жүздің жасақтарын кім басқарды?
6. Аңырақай шайқасында өз есімін мәңгі даңққа бөлеген сұлтанды ата.
7. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында жік туды, ол қандай оқиғамен байланысты?
8. Аңырақай шайқасының маңызы қандай болды?
9. Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқына әкелген зардаптары.


Тақырып бойынша сұрақтар:
1. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған қозғалыстың басты мақсаты.
2. Кенесарының басты тіректері кімдер болды?
3. XIX ғ. 20 жылдары Қоқан билігінде болған қазақ жерлерін атаңыз.
4. 1844 жылы Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздер неліктен тоқталды?
5. Кенесары құрған хандықтың ең басты саяси ерекшелігі.
6. Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы.
7. Түркістанды орыс әскерлері қашан алды?
8. Қазақстанның Россияға қосылуы қашан аяқталды?
9. 1867-1868 жылдардағы реформалардың мақсатын тұсіндіріңіз.
10. 1867-1868 жылдардағы реформалар сот құрылысына қандай өзгеріс енгізді?
11. Қазақ жеріне орыс-казак шаруаларын жаппай қоныстандыру қашан жүргізілді?
12. 1868 жылы қабылданған «Жетісуға шаруаларды» қоныстандыру туралы ұақытша Ереженің авторы кім?
13. Қазақ даласында капиталистік қатынастар қашан дами бастады?
14. Орынбор-Ташкент темір жолы қашан іске қосылды.
15. 1867-1868 жылдардағы реформалардың ең басты ауыртпалығы немен байланысты болды?
16. Қазақстанда сауданың қандай түрлері дамыды, атаңыз.
17.1871-1897 жж. аралығында Қазақстанға қоныс аударғандар саны-атаңыз.
18. XIX ғасырда кредиттік мекемелер ең көп қай жер болды?

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан.
1. Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы.
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
XVII ғасырдың ақыры мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен роль атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған калалар құлдырап кетті.
1718 жылы Тауке хан қайтыс болды.. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төңді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алаусыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Үлкен жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан «ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасактарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егерде жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады.
Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
2. Отан соғысының басталуы. (Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама жылдары)
«Ақ табан шұбырынды». 1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді.
Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі.
Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді.
1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті.
Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді.
Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет