Темір жол. 1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.
1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.
1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.
Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:
1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.
2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.
3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.
4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.
XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайы. 1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Әлеуметтік-жағдай
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды.