Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері



бет63/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.
Революцияның тарихи маңызы:
-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.
-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. 
-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.
-Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.
Реакция және революциялық өрлеу кезеңі.
1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды.
Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП – ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер – қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды.
Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды.
1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті.
1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті.
Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.
1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет