Дәріс№17
Интерактивті технологияны ұйымдастырудың аппараттық жабдықтары
Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, рухани бірігуі.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім - оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалдық болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
1. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
2. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
3. Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдімтерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
4. Жаңа ақпараттық технология құралдыран пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінге таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
ACTIVstudio бағдарламасын іске қосқаннан кейін, таза ақ бет ашамыз – ол флипчарт деп аталады.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Жаңа флипчарт құру.
Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орындау керек. Содан кейін параметрлер менюінің тізімінен өлшемі таңдалады.
Экран өлшемі. ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса, онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білуге мүмкіндік береді.
800х600. Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.
1024х760. Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.
Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді
Флипчартты жабу.
Тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек. Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.
Сақталған флипчартты ашу.
Меню - Флипчарт - ...ішінен Ашу командасын орындағанда келесі параметрлердің бірін таңдау қажет:
Менің Кітапханам ресурсының бөлімінен «Менің флипчарттарым ... ресурсым» бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап, онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |