Дəрісбаян. Тəрбие құралы – əлеуметтік орта Жоспары Отбасы – педагогикалық қатынас субъекті



бет4/5
Дата03.12.2023
өлшемі338,49 Kb.
#134003
1   2   3   4   5
Мектеп ұжымы – бұл əлеуметтік мəнді мақсатпен, іс-əрекетпен, сол іс-əрекетті ұйымдастыру бағытымен бірлескен, ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілігімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тəуелділігін тани білген барша тəрбиеленушілер тобынан құралады
Тұлға əлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, үйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер құрылымдарын қамтиды. Тəрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер – шығармашылық, клубтық, спорттық жəне өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал
Тəрбиеленушілер тобының аса мəнді сапасы- əлеуметтік-психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа əлеуметтік құрылым – топ-ұжым дəрежесіне жетілдіреді
Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:
  • бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы оқушылар (сынып);
  • жалпы мектептік ұжым – ол сынып бірлестіктерінен құралады

  • Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:
  • педагогикалық басшылық тəрбиеленушілердің өз бойына тəн дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;
  • педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;
  • барша тəрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері -өзара сəйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;
  • ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау жəне реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;
  • тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тəрбиеленушілер қызығуларына сəйкестігін де ойластырған жөн

Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек жəне ойын əрекеттері. Ойын арқылы тəрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;
- ұжым салт-дəстүрлері;
- ұжым қызметтерінің мазмұны жəне жүрісі;
- тəрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;
- салыстыру, жариялылық, жəрдем, ұнамды баға принциптеріне сəйкес өткізілетін жарыс, бəсекелер;
- ұжым кейпі мен эстетикасы;
- өзіндік басқарымның ұйымдастырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет