Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы


char S1[10]=”123456789”, S2[]=”Болат”



бет27/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

char S1[10]=”123456789”, S2[]=”Болат”;
Соңғы сөз ұзындығы тіркестің символдары санымен анықталады.
Символдар тіркесін пернелерден енгізу үшін екі стандартты функция – scanf()немесе gets()қолданылады, ал олардың прототиптері stdio.h тақырып­тық файлында болады.
Символдық таңбаларды енгізу/шығару
Символдарды біртіндеп енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функция­ларының %c форматы қолданылады.
getch() – параметрсіз функция, басылған перненің кодын (int) бере­ді, экранға ешқандай символ шығармайды.
getchar() – параметрсіз функция. Пернеден символдарды бір-бір­леп енгізеді. Сөз тіркесі <Enter> пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өз­гер­туге де болады.
putch(c) – бір символды (c – cимволдық айнымалы немесе конс­танта), яғни бір таңбаны ғана экранға шығарады.
putchar(c) – бұл да тек бір таңбаны экранға шығарады.
Бұлар conio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
Символдық тіркестер
Символдық жолдарды немесе тіркестерді бірнеше тәсілмен өңдеуге болады, олардың негізгілері:

  1. Тіркестік константаларды қолдану;

  2. Char типті жиымды қолдану;

  3. Char типіне сілтейтін нұсқауыштарды пайдалану;

  4. Символдық тіркестерден тұратын жиымдарды қолдану.

Сөз тіркестері немесе тіркестік (жолдық) константа қостырнақшаға алынып жазылады. Тырнақшаға алынатын символ­дар тізбегінің ең соң­ы­на автоматты түрде ‘\0’ символы жазылады. Ком­пи­лятор жолдық символдарды компьютер жадына жазғанда, олардың көлемін анықтау үшін сол символдар санын есептейді. Символдық константа осы сөз тір­кесі жазылған жады аймағына сілтейтін нұсқауыш болып табылады. Символдық тіркестер жиымын (массивін) беру кезінде компилятор компьютер жады­ның қажетті көлемін анықтау үшін жиымды сипат­та­ғанда, оны тіркестік константа арқылы инициалдауға болады. Мысалы:
char c[]= “Атырау, Алтай - жеріміз”;
Әдеттегі жиым қолданылатын жағдайлар сияқты бұл жиым аты с осы жиымның 1-элементіне сілтейтін нұсқауыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет