Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы


Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін функциялар



бет29/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49

Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін функциялар


1) strlen(str)функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соң­ғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>.
2) strcat(stroka1,stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданы­ла­ды. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін бірік­ті­ріп, нәтижені stroka1 айныма­лысына меншіктейді, stroka2 тірке­сінің мәні өзгермейді
3) strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыс­тыру үшін қол­да­нылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйт­песе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1 болса, нә­тиже 0-ден кіші, ал stroka1 > stro­ka2 болса, нәтиже 0-ден артық болады. Көбінесе бұл тәсіл екі тіркес­тің бірдей еместігін анықтау үшін ғана қолданылады.
4)strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі. Мысалы:
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include
#include
#include
main ()
{char str1[21];
strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?");
puts(str1);
strcpy(str1,"Тамаша!");
puts(str1);
getch();
}
5) strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset(str,ch) функциясы берілген қатардағы барлық сим­вол­дарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.
7) strtod(str1,str2) функциясы берілген қатарды double тип­ті санға ауыстырады.
8) strchr(str,c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетіл­ген символдың позициясын анықтайды.
9) strrev(str) функциясы берілген қатардың барлық символда­рын керісінше бейнелейді.
10) strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген сим­волын 1-ші қатардан іздейді.
Бақылау сұрақтары

  1. Тіркестік айнымалылардың сипатталу тәсілдері қандай?

  2. Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады?

  3. Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша сим­вол жазуға болады?

  4. Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

  5. Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

  6. Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?

  7. Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?

  8. Си тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар? Оларды қалай пайдаланады және олар қалай жазылады?

11 лекция. С тілінде құрылымдарды пайдалану
С тіліндегі құрылымдар өзара логикалық байланысқан әртүрлі типті мәліметтерді байланыстырады. Мәліметтердің құрылымдық тип­те­рі келесі сипаттаумен анықта­ла­ды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет