Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет37/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

{ int k,i,n=5;
char fname[]="a:\\num.txt\0";
clrscr();
FILE *fp;
fp=fopen(fname,"w");
printf("Енгізілген сандар %s файлына жазылады\n",fname);
puts("Әр сан енгізілген соң, Enter басыңыз\n");
for(i=0; i
{scanf("%i",&k);
fprintf(fp,"%d ",k);
}
fclose(fp);
printf("Енгізілген сандар %s файлына жазылды\n",fname);
getch();
}
Жоғарыдағы функциялар файл мәліметтерін біртіндеп, символ­дан соң келесі символды қарастыра отырып өңдейді. Си тілі файлдар­мен жиым сияқты жұмыс істеуге де мүмкіндік береді, яғни кез келген байтты жеке өңдеуге де болады. Файл ішіндегі белгілі бір орынды айқындау үшін мына функция қолданылады:
fseek(файлға нұсқауыш,бастапқы нүктеден ығысу, бастапқы нүкте);
Екінші аргумент типі long, оның мәні оң да, теріс те болуы мүм­кін. Ол бастапқы нүктеден қанша орынға (байтпен) ығысу керек екендігін көрсетеді. Үшінші аргумент файлдағы бастапқы нүкте орнын анықтайтын код болып табылады. Осы код үшін мынадай мәндер тағайындалған:

  1. - файл басы;

  2. - ағымдағы позиция;

  3. - файл соңы.

Дұрыс орындалғанда, fseek()функциясы 0 мәнін береді, ал егер қате (мысалы, файлдың сол жақ шекарасынан ары аспақшы болғанда) болса, онда -1 береді.
fwrite және fread функцияларын пайдалану
Құрылымдарды пайдаланатын файлдармен жұмыс істеу кезінде fread()/fwrite()функцияларын пайдаланған ыңғайлы. Олардың жазылуы:
fread(ptr,size,n,fp);
мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).
fwrite (ptr,size,n,fp);
мұнда ptr нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.
Бақылау сұрақтары

  1. Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады?

  2. Файл қайда орналасады және қалай белгіленеді?

  3. Файл ашу функциясы қалай жазылады?

  4. Файл атын программада қалай анықтаймыз?

  5. Файлдың қолданылу режимдері қалай көрсетіледі?

  6. Файлға мәлімет жазу/оқу функция­лары.

  7. Файлға жаңа элемент қалай қосылады?

  8. Мәлімет оқылған файлға мәлімет жазуға бола ма?

  9. Файлдан ақпарат оқу үшін не істеу керек?

  10. Файлға ақпарат жазу үшін не істеу керек?

  11. Символдар мен сөз тіркестерін файлға жазу үшін не істеу керек?

  12. Құрылымдарды пайдаланатын файлдар қандай функцияларды пайдаланады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет