Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі



бет14/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
4. Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі. Мектепішілік бақылаудың формалары мен əдістерін таңдау оның мақсатына, міндеттеріне, бақылау объектісі мен субъектісінің ерекшеліктеріне, уақытқа байланысты болады.
Жалпы басқару дегеніміз қойылған мақсатқа сəйкес шешімдер қабылдау, басқару объектісін ұйымдастыру, бақылау, реттеу, нақты ақпаратқа сүйене отырып талдау жəне қорытынды шығару. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару субъектісі болып Білім жəне ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, қалалық, аудандық білім бөлімдері табылады. Жалпы білім беретін мектеп күрделі əлеуметтік жүйе ретінде мектепішілік басқарудың объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қажет нəтижені алуға бағытталған, оның объективтік заңдылықтарын тану негізіндегі мақсатты саналы өзара іс-əрекеті. Үрдіске қатысушылардың өзара іс-əрекеті кезекпен, өзара байланысқан əрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу) тізбегі ретінде құралады.
Мектепішілік бақылау туралы дəстүрлі түсінік басқару субъектісінің объектіге мақсатты əсер етуі ретінде қалыптасқан. Кейінгі уақытта əсер ету философиясының орнына өзара əсер ету, өзара əрекет, ынтымақтастық философиясы келді.
Педагогикалық менеджмент теориясы оны толықтыра түседі. Менеджмент басқарушының əлеуметтік мəнін, басқару мен менеджерліктің қоғамдағы орнын ерекшелендіріп көрсететін басқарудың жаңа философиясы (Ю.А. Конаржевский).
Қазіргі жүйе дамуының негізгі ерекшелігінің бірі – білім беру жүйесін мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Оның негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен қоғамның күшін біріктіру, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға оқу процесінің мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен əдістерін, мектеп типтерін таңдауда еркіндік беру.
Білім жүйесінің мемлекеттік сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Білім туралы» Заңында көрсетілген білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясаттан көрінеді. Ол мына принциптердің жиынтығы арқылы бекітілген: білімнің жалпыға бірдей қолжетімділігі; білімнің зайырлық сипаты; білімнің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының басымдығы; ұлттық, мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі. білім жүйесін басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты. Білім беру жүйесін басқару органдары сол сияқты мемлекеттік білім стандарттарын құрып, оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Басқару жүйесінің қоғамдық сипаты мемлекеттік органдармен қатар құрамына ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар өкілдері кіретін түрлі деңгейдегі қоғамдық органдардың жұмыс істеуінен байқалады. Сонымен педагогика ғылымы мен практикасында тұтас педагогикалық үрдісті басқару ғылымы тұрғысынан жете ұғынуға талпынысты күшейту, оған ғылыми негізделген сипат беру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет