4. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі ұстанымдары. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі ұстанымында мектеп пен педагогика тарихы шектен тыс орталықтандырудың басқаруды əкімшілдікке ұрындыратынын айқын көрсетті. Ол төмен сатыдағылардың инициативасын іске асыруды шектейді, олар (төмен сатыдағы басшылар, мұғалімдер, оқушылар) өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдердің орындаушысы болып қалады. Сол сияқты біржақты жүргізілген орталықсыздандыру да педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді, басқарудың жəне басшының ролін төмендетіп, оның талдау жəне бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді.
Басқарудағы коллегиалдықтың бірлігі ұстанымын іске асыру тұтас педагогикалық үрдісті басқаруда субъективтілікті, авторитаризмді болдырмауға бағытталған. Басқару іс-əрекетінде əріптестердің тəжірибесі мен біліміне сүйену, оларды шешімдер даярлау мен талқылауға бағыттау, əртүрлі көзқарастарды салыстыру, оларды талдау жəне қажетті шешім қабылдау өте маңызды. Коллегиалдық сонымен бірге ұжымның əрбір мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін жоққа шығармайды. Педагогикалық жүйелерді басқарудың тиімділігі көп жағдайда нақты, шыншыл жəне қажетті ақпараттың болуымен анықталады. Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы дəлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы жəне қорытудағы үстірттікке қарсы тұрады.
Дегенмен, ақпараттың көптігі жəне ретсіздігі оның мүлде жоқтығы тəрізді шешімдер қабылдауда қиындық келтіреді. Ақпараттық мəліметтер банктерін, оларды оперативті пайдалану технологияларын құру басқару еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының деңгейін көтереді. Бұл білім беру жүйелерін басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы ұстанымын сипаттайды. Оқу-тəрбие жүйесінде жеке басқару мен ұжымдық басқарудың бірлігінің жүзеге асырылуы келесі қызмет түрлерінде бастау алады: жалпыға жұмыс істейтін кеңес жəне тексеру мүшесінің қызметі; шешім қабылдауда ұжымның кеңесі керек болатын конференциялар, съездер жұмыстары. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару біріншіден, оның толықтылығын сақтайды; екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне олардың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйені қалыптастырушы фактор мұғалім мен оқушылар, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылар болып табылады. Бұл фактор баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі іс жүзінде көрсете алуына негізделген. Мектептің мақсаты тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни интеллектуалдық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиенің бағыттарын кіріктіреді. Мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау басқарудың ең тиімді түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайының қалыптастырылуы тұрақты сипатқа ие. Оның анықталуы мен дамуы мектепті басқару үрдісін екі бөлімге бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: жалпы жəне жеке. Жалпыға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатқызылса, ал, жеке жағдайларға əлеуметтік - географиялық тұрғыдан қатысушылар құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық), мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары (түрлері мен бағыттары) жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқаны ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасынан, ата-аналардың педагогикалық білім деңгейінен көрінеді. Əлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға немесе ұжымдық субъект атқарады, яғни педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым жұмысын тиімділігі басшының басқару шеберлігіне байланысты.
Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады:
- бірінші саты - мемлекеттік органдармен жəне ұжыммен тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі;
- екінші саты - ұжымдық жалпы еңбекке жауаптылар: мектеп директоры мен психологы, əлеуметтік педагог, мектеп директорының басқарудағы көмекшілері (оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары) жəне өзін-өзі басқаруда қатысатын органдар;
- үшінші саты - ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық жүргізетін мұғалімдер (педагогикалық ұжымы), тəрбиешілер, сынып жетекшілері;
- төртінші саты - сыныптық жəне жалпымектептік өзін-өзі басқаратын оқушылар ұжымы. Бұл саты мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін көрсетеді.
Басқару жүйесінде оқушылар ұжымының алатын орны ерекше, осыған байланысты көлденең және тігінен басқару сатылары да бөліп көрсетіледі: көлденең басқару, ол жалпы мектептік ұжым (педагогикалық, оқушылар, ата-аналар) мен сынып ұжымына қатысты; тігінен басқару, ұйымдар, спорт секциялары, шығармашылық жұмыстар, үйірмелер, бригадаларларға байланысты.
Педагогикалық қызметті атқаруға және қойылған мақсатты шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасына тікелей байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу тəсілдерін де меңгеруі және орынды қолдана білуі тиіс. Сондықтан сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін басқаруда мұғалімнің назарында болуы тиіс. Педагогикалық жүйенің аталған компоненттері өздігінен пайда болмайды, олар алдымен мұғалімнің атқаратын қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненті бола алады. Білім беру үдерісін (мақсаттылықтан бастап бірлескен әрекетке дейін талдау) ұйымдастыруға барлық субъектілердің өзінің қажеттілігі мен даралық қасиеттерін меңгере отырып, тікелей қатысуын, соған қарай тұлғаның іс-әрекеттегі (үйрену мен оқыту) мотивациялық қажетттілік саласын айқындайды. Білім беру жүйесі саласы қызметкерлерінің (тәрбиеші, мұғалім, психолог, әлеуметтік педагог) әкімшілікке бағынуына байланысты педагогикалық-психологиялық қызметтері құрылымының ұйымдастырылуы түрлі статуста болады: білім беру мекемелерінің (бала-бақша, балалар үйі, интернат, мектеп, лицей, гимназия, колледж) басшылығымен қызмет атқарады; қалалалық немесе аудандық білім департаментінің басқаруымен (немесе жетекшілігімен) бірнеше оқу орындарына қызмет көрсетеді; мектептен тыс мекемелер құрамында (мысалы, медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссия, отбасына және балаларға әлеуметтік, педагогикалық, медициналық және психологиялық көмек көрсету орталығы); ғылыми-әдістемелік орталық немесе кабинет ретінде қалалық, аудандық, облыстық немесе мемлекеттік білім департаментінің басқару құрамында және солардың әкімшілік басқаруымен қызмет көрсетеді. Сонымен білім беру үдерісіндегі әрбір субьектінің өз әрекетін ұйымдастыруы және өзгелермен қарым-қатынасын қалыптастыруы, білім алушылар мен педагогтардың жекелеген әрі бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесіне өзіндік талдау жасауы басқару ұстанымдары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |