Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны



бет26/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

4. Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны. Педагогикалық диагностиканы іске асыруда мұғалім мынадай принциптерді басшылыққа алуы тиіс: тұтастық, диагностикалық мақсаттық, тұрақтылық, оқыту мен тәрбие берудің бірлігі, ұжым мен жеке тұғалардың бірлігі, диагностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестілігі, диагностиканың кешенді сипаты, т.б.
Кейбір принциптерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей сипатталады: Мақсаттылық принципі бақылау белгілі мақсатқа негізделсе және еріксіз бақылаудағы сияқты өзгермелі тітіркендіргіштердің болмауы. Кімде-кім ғылыми бақылауды өткізгісі келсе, бастапқыда зерттеуге сай бірнеше болжамдар ұсынып, бақылау кезінде сол бағытта жұмыс жасайды. Тұрақтылық принципі біз үстіртін әсерге мән бермей, қысқа да нақты емес ақпараттарға ие болмауымыз қажет. Осы мақсатпен келесідей әдіснамалық негіздерді көрсетеміз: бақылауды кім ұйымдастырып отырса, ол нені бақылайтынын біледі. Егер бір ситуацияны бірнеше адам бақылап жүрсе, олардың бақылаулары қаншалықты бір-біріне сәйкес келетінін көру қажет. Бақылаушылық принципі бақылаулары бірнеше рет қайталанып жатып, бірнеше бақылаушылардың бақылаулары сәйкес келіп жатса, басқа негізгі топтардың арасында тексеріліп өтілуі керек. Бұның себебін білгенде, оның алынған нәтижелері сол топ үшін жарамай қалуы мүмкін.
Сонымен педагогикалық диагностиканы өзіне тән ерекшелігі, дербес обьектісі, өзіндік зерттеу тәсілі, міндеттері мен принциптері бар оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейінде қолданылатын педагогикалық іс-әрекеттің бір бөлігі деуге болады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістің ажыратылмайтын бөлігі ретінде тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру, бұл үдерістердің нәтижесін бағалау, талдау және есепке алуды талап етеді.
5. Педагогикалық үдерісті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Педагогикалық диагностика өзекті педагогикалық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін танымдық шаралар жиынтығы. Педагогикалық диагностика көмегімен оқу үрдісі және оқыту нәтижелеріне талдау жасалып, жеке оқушыға немесе оқушылар тобына қатысты өзекті педагогикалық шешімдердің қабылданады..
Педагогикалық диагностика мұғалімнің іс-әрекет обьектісі мен басқару ұстанымын да қарастырады. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет обьектісі педагогикалық үрдіс деп мойындалғандықтан, оның іс-әрекет обьектісі ретіндегі біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.
Педагогикалық диагностика білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық үрдіс жағдайының себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және "педагог-оқушы" жүйесінің мүмкіндіктерін айқындау деп анықталады.
Педагогикалық үрдістің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық үрдісті басқару деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Педагогикалық үрдістің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпараттар жинау үшін негізгі сипаттамалар мен олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін білу керек.
Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалык үрдісті басқару мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық үрдісті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады. Сондықтан педагогикалық үрдісті диагностикалау қазіргі заман мұғалімнің міндеттерінің бірі болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білуі қажет:
Бастапқы ақпарат, ол окушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат ұзақ мерзімде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және сол мерзімдегі әрекетті (сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары), педагогикалық үрдістің тенденциясын көрсетеді.
Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген іс-шаралар өткізу) құрастыруға көмектеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты кезеңдегі (сабақтағы жұп және топ құрамы, рөлдерді бөлу, т.б.) педагогикалық үрдістің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі ақпарат түрін мазмұны жағынан толықтыруға, педагогикалық үрдіс туралы нақты мәліметтер алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзімде (күн, апта) толықтырылып отырылады. Дегенмен оның мәні тез жойылуы да мүмкін (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.).
Диагностикалық зерттеудің міндеттерінің негізгісі дамудың деңгейін анықтау. Мысалы: ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау үшін ақыл-ой көрсеткіштерін анықтау, зерттеу жүргізу (яғни есте сақтау, қиял, ақыл-ой қабілеттері және т.б.). Белгілі әсердің ықпалынан оқушылардың даму деңгейіндегі өзгерістерге талдау жасау. Бұл үшін мүмкін болатын өзгерістердің пайда болу жолын және оны анықтаудың әдістерін білу керек.
Диагностикалық әдістерді қолдана отырып, өзгерістерді анықтау үшін срез өткізужәне алынған мәліметтер негізінде қолданылған оқыту және тәрбиелік ықпалдың практикалық нәтижелілігін анықтауға болады. Осыдан педагогикалық қорытынды жасалып, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау. Екінші міндет психикалық дамудың мүмкін болатын деңгейін анықтау, бұл болжамдық қызмет болып табылады. Жеке тұлға дамуының нәтижелері дамуды ары қарай жетілдіруге негіз бола алады. Алдымен «жақын арадағы даму аймағын» (Л.С.Выготский) айқындауға мүмкіндік береді.
Психологиялық зерттеу жүргізу барысында мұғалім белгілі бір педагогикалық міндетті шешу үшін бір ғана әдістемемен шектелмейді. Диагностикалық зерттеу тәрбиелік,бақылау-түзету, болжам жасау қызметтерін атқарады.
Сондықтан диагностикалық жұмысты жүргізуге белгілі талаптар қойылады:
- зерттеудің әрбір оқушының психикалық даму ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы;
- психикалық даму диагностикасының нәтижелері қандай-да бір нормамен салыстырылмайды, ал сол оқушының алдыңғы диагностикалық жұмыстың нәтижесімен сәйкестендірілуі (дамудағы өзгерістердің сипатын анықтауға мүмкіндік береді);
- әр оқушының психикалық даму үрдісін зерттеудің оқу жылдарында жүргізілуі (мектеп жасында баланың психикалық дамуында және мінез-құлқында көптеген өзгерістер болады);
- дамудың деңгейі баланың іс-әрекетінің мазмұнды сипаттамасы болу керек, ал даму үрдісі осы іс-әрекеттің даму кезеңдерінің сапалы өзгерістері ретінде қарастырылады.
- оқушылар ұжымын зерттеу белгілі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы ;
- жеке ерекшеліктерді зерттеуде баланың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс, яғни экспериментальды тапсырмалар әрбір топ балаларына қол жетерліктей деңгейде болуы;
- психикалық дамуды зерттеу оқу-тәрбие үрдісінің табиғи жағдайында жүргізілуі және қолданылатын негізгі әдістемелер оқу-тәрбиелік құрал ретінде болуы;
- диагностика барлық оқушыларды қамтуы тиіс және әрбір психикалық даму параметрлері бойынша жоспарланған диагностикалық срез арқылы жүйелі жүргізілуі керек.
Педагогикалық диагностика ұғымының мағынасын кең көлемде алатын болсақ, бұл оқу және таным үрдістерін бақылау, білім беру, оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру үшін диагностикалық міндеттерді толық қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет