Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері



бет7/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

2. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері. XX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық менеджмент» ұғымы инновациялық дефиниция ретінде, сонымен бірге «басқару» ұғымы да жиі қолданылады.
Сондықтан жаңа нарықтық экономика жағдайында қызмет атқаратын «басқару» ұғымын «педагогикалық менеджмент» ұғымымен салыстырмалы талдау қажеттілігі туындайды. Ғалымдар бұл ұғымдарды («басқару» мен «педагогикалық менеджмент») бір-біріне қарама-қайшы үш тұрғыда түсіндіреді.
Бірінші тұрғыда «басқару» «педагогикалық менеджмент» ұғымына қарағанда кең мағынаны білдіреді. Н.Л. Коломинский білім берудегі менеджменттің ғылыми-психологиялық негіздерін қарастыра отырып, бұл оқу-тәрбие мекемесі басшысының басқа адамдармен (қарамағындағылар, серіктестер, қызметкерлер, балалар, т.б.) бірге қойылған мақсатқа жетудегі олардың белсенділігін және үйлесімді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған саналы өзара әрекеттестігі деп есептейді. Ғалымның пікірінше, білім берудегі менеджмент – бұл басқарудың бөлігі, осы үрдістің нәтижесінде басқа адамға ықпал ету, тиімді әрекетке психологиялық негіз болу.
Екінші тұрғыдан «басқару» және «педагогикалық менеджмент» ұғымдарының мәні ұқсастырылады. В.П.Симоновтың пікірінше, менеджмент қойылған мақсатқа жетуде еңбекті, басқа адамның интеллектісі мен мінез-құлық мотивтерін қолданудағы басшының біліктілігі. Сондықтан әлеуметтік үрдістерді басқару ғылым мен өнердің қосындысы. «Педагогикалық менеджмент» бұл педагогикалық жүйелер және олардың тиімділігіне, қызметтеріне және дамуына бағытталған басқарудың технологиялық тәсілдері, қағидалары, әдістері, ұйымдастыру формаларының кешені.
М.А.Гончаров та «педагогикалық менеджмент - бұл оқу-тәрбие, оқу-танымдық үрдістерді басқару және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қағидалар, әдістер, ұйымдастыру формаларының кешені» - деп тұжырымдайды. Бұл пікірлер педагогикалық менеджментті мектепішілік басқару деп түсіндіруге, яғни белгілі бір әрекеттік және қосынды жүйе ретінде өзінің құрылымы бар және жүйетүзуші факторлардан тұратынын анықтауға мүмкіндік береді, олар субъектілер әрекетінің мақсаты, міндеттері, қағидалары, қызметтері, әдістері, білім беру үрдісін басқарудағы формализмді жою жағдайлары және олардың тиімділігіне ықпал ететін факторлар. Педагогикалық менеджмент мәні жағынан мектептік білім беру үрдісін жүйелі басқарудың теориясы мен практикасы деп түсіндіріледі. Осы тұрғыдан педагогикалық жүйе өзін-өзі ұйымдастыратын және тұрақты, жабық жүйе ретінде қарастырылады.
Үшінші тұрғыдан «педагогикалық менеджмент» ұғымының мәні мектепішілік басқарудың педагогикалық теория мен практикасында дәстүрлі қолданылатын басқару ұғымына қарағанда терең сипатталады, Мұнда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер жағдайында білім беру мекемесі басымды қызмет атқаратыны, мектепішілік басқару теориясын менеджмент теорияларының элементтерімен байытудың қажеттілігі ашып көрсетіледі.
Т.И. Шамованың «Мектепті басқарудағы менеджмент» еңбегінде менеджменттің алғашқыда бизнеспен байланысты мәселелерді шешу үшін пайда болғаны, сосын оның құралдарын қазіргі педагогикалық практикада мақсатты қолданудың қажеттілігі қарастырылады. Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасындағы менеджмент құралдарын педагогикалық мақсаттағы жолдарды анықтауға, білім беру мекемелерін басқару теориясы мен практикасын жаңа идеялармен, басқару міндеттерін шешудің тәсілдерін байытуға алып келеді деп тұжырымдайды. Бұл тұрғы алдыңғы екеуіне қарағанда аса маңызды болып саналады. Себебі, бүгінгі таңда қоғам кеңістігінде қазіргі заманауи оқу мекемелерінің кез келген формасы (мемлекеттік, жеке) қызмет атқарады, нарықтық экономикаға негізделген.
Бұл нарықтық экономика жағдайында білім беру жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету саласына енетінін көрсетеді. Кез келген жүйе секілді білім беру және тәрбиелеу жүйесі де нарық заңына сай дамиды. Білім беру (тәрбиелеу) қызметтерін оқу-тәрбие мекемелері ұсынады. Қазіргі заманғы мектептер іс-әрекеттерінің мақсаты, олардың негізгі қызметтері тұтынушылардың сан алуан түрлі сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді.
Кез келген өндірістің, педагогикалықтың да негізгі мақсаты нарықтағы өзінің өнімін (тауар және қызмет) өндіру, одан пайда табу болып табылады. Қызметтердің ішінде педагогикалық қызмет те жоғары нарықтық бағаға ие. Оны физикалық тұлғалар (оны тұтынушылардың өзі), корпоративті сұраныс берушілер (фирма, өнеркәсіп, т.б.) мемлекет төлейді. Тегін білім алуда мемлекет жеке тұлғаларға жағдай жасайды, нақты азамат оқуы үшін ақы төлемейді, оған білім беру қызметін ұсынушылар төлейді,. Мемлекет бай болған сайын өзінің болашағына көп қамқорлық көрсетеді, өз халқының білімі мен тәрбиесіне көп қаражат жұмсайды. Интеллект кез келген елдің негізгі байлығы, мұнай, орман, кен орындары, руда өте маңызды, бірақ олар адамның ақыл-ойынсыз түк емес. Сонымен педагогикалық менеджменттің пәні білім беру, білім және тәрбие беру мекемелерінде басқаруды ұйымдастыру мәселесі болып табылатын педагогиканың саласы болып табылады. Педагогиканың болашақтағы саласы теория мен практика ретінде педагогикалық менеджмент оның жетістіктеріне сүйене отырып, басқа да бірқатар ғылымдармен, басқару теориясымен, экономикамен, әлеуметтік психологиямен, физиологиямен, мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Педагогикалық менеджменттің құзыреттіліктер саласы ретінде білім беру жүйелерін басқару міндеттеріне қазіргі заманғы оқу және тәрбие беру мекемелері жағдайында білім беру үрдісінің тұрақты және тиімді қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған сан алуан түрлі іс-шаралардың жиынтығы негізге алынады. Олардың ішінен ұйымдастырушылық, әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, кадрлік, жоспарлық, қаражаттық, қамтамасыздандыру, имидж, бақылау-мониторинг, т.б. ерекше атауға болады. Бұл барлық іс-шаралар кешені іс-әрекеттер мазмұнын және мәнін құрайды, ол арнайы құрылған басқару, міндетті түрде педагогикалық менеджменттің көмегімен тұтас және реттелген үрдіс ретінде қалыптасады.
«Педагогикалық менеджмент» ұғымы, біріншіден, педагогикалық жүйелерді басқару туралы ғылым ретінде өзінің мәнін айқындайды, оның міндеті қазіргі заманғы оқу мекемесінің мақсатына тиімді жетуіне мүмкіндік беретін әдістер мен құралдарды дайындау, нарықтық экономиканың дамуымен анықталған ортаның ішкі және сыртқы нақты жағдайларына сүйене отырып, олардың қызметкерлерінің өнімді еңбегін арттыру, педагогикалық өнімнің рентабелділігіне және пайдалылығына қол жеткізу.
Екіншіден, педагогикалық менеджмент қойылған мақсатқа жету үшін рациональды тәсілмен оқу мекемесі педагогикалық ұжымы мен қосымша персонал, басқарушы қызметкерлер жұмыстарын ұйымдастыру ретінде мәнін ашып көрсетеді. Осыдан білім беру мекемесінің кадрларын басқару бойынша жұмыстар оқу-тәрбие үрдісінің барлық қатысушыларының сұраныстарына сәйкес келуі және олардың жұмыстарын белсендендіру мүмкіндіктеріне ие болуы, педагогикалық өнімді тұлғаны мәдени қалыптастыру саласы ретінде еңбек өнімділігін көтеруі тиіс.
Үшіншіден, педагогикалық менеджмент белгілі құрам мен құрылымнан тұратын оқу мекемесінің (өз субъектілері бар орган) ұйымдастырушылық іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі, оның аясында жалпы білімдік-тәрбиелік мақсаттарға жетуге бағытталған іс-шаралар жоспарланады және үйлестіріледі.
Төртіншіден, «педагогикалық менеджмент» термині басқару жүйесі деп анықталады, оқу мекемесі немесе оның жеке бөлімдері басқару нысаны болып табылады, нарықтық экономика жағдайында ортасы қалыптасқан кері байланыс жолымен икемделеді. Оқу мекемесінің нарықтық білім беру қызметтерімен кері байланысының нәтижесі басқару шешімі болып табылады. Ол оқу мекемесінің соңғы нәтижесіне жету үшін ақпараттық, технологиялық, материалдық, қаржылық, еңбек және интеллектуальдық ресурстарды өндіреді, нарық жағдайында оқушылардың білімділік және тәрбиелік жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бесіншіден, «педагогикалық менеджмент» белгілі бір тұлғаның іс-әрекетіне қатысты әкімшілік біліктілік пен дағдылардың ерекше типі ретінде қарастырылады, яғни білім беру менеджері кәсіби басқарушы қызметін сипаттайды.
Педагогикалық менеджменттің осындай көпжақтылығы шын мәнінде нақты орын алады және оны сол қалпында қабылдау қажет. Педагогикалық менеджмент іс-әрекет жүйесі ретінде келесі құрылымдық - функциональдық компоненттерден тұрады, олар: іс-әрекет мақсаттары (жоспарланған, күтілетін нәтиже); іс-әрекет субъектілері (директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар); іс-әрекет мазмұны (оқу-танымдық, басқарушылық және ақпараттық); іс-әрекет тәсілдері (басшының мұғалімдер, оқушылармен, мұғалімдердің оқушылармен өзара әрекеттестік әдістері мен стилдері).
Осы айтылғандар педагогикалық менеджментті білім беру мекемесін (педагогикалық кәсіпорын, педагогикалық өндіріс) оны үш құраушылар контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді:
- мемлекеттік стандартқа сай тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде білім беру міндеттерін шешуге бағытталған білім беру үрдісін, оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өздігінен үрдістердің жиынтығын басқару.
- білім беру мекемесі ұжымын (педагогикалық ұжым мен балалар ұжымы) басқару, соның ішінде, педагогикалық ұжым өзіндік субъектілі қасиеттерді меңгеретін объект ретінде ұсынылады;
- жоспарланған, күтілетін нәтижелерге (мақсаттарға) жету үшін қажетті жағдай ретінде материалдық және қаржылық ресурстарды басқару (білім беру үрдісін басқару мен білім беру мекемесі ұжымын басқарудың бірлігі), білім беру мекемесі оқушының білімділігі, тәрбиелігі және дамыту дәрежесін де айқындайды.
Демек білім беру үрдісі, білім беру мекемесінің ұжымы, сонымен қатар оның материалдық және қаржылық ресурстары басқару жүйесі болып табылады, педагогикалық менеджменттің құраушылары контекстінде олардың төмендегідей өзіндік мәні бар:
- білім беру үрдісі мен білім беру мекемесінің ұжымын тиімді басқару теориясы, әдістемесі мен технологиясы, яғни тұтас педагогикалық үдерістің белсенді субъектілері, мектеп директорымен бірге оның орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар (Н.Д.Хмель);
- басшының қойылған мақсатқа жету біліктілігі ретінде басқа адамдардың еңбегі, интеллектісі мен мінез-құлық мотивтері, адамдарды және әлеуметтік үрдістерді басқару ғылымы мен өнері (В.П.Симонов).
Білім беру мекемесінің болашақ менеджерінде мынадай түсініктер қалыптасуы керек:
- ашық педагогикалық жүйе ретінде мектепті тиімді басқаруға бағытталған басқару іс-әрекетінің өзіндік кәсіби түрі;
- мектеп ашық педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік әрекет ететін жүйе, білім беру мекемесінің «педагогикалық ұжымы - оқушылар ұжымы - оқушы мен ата-аналар» арасындағы саналы, белсенді, үйлесімді әрекеттесу (интеллектуальдық адамзаттық ресурс), білім беру мекемесінің жоспарланған және күтілетін нәтижелеріне жетуге бағытталған – оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы (соның ішінде білімділік және тәрбиелік сапасы);
- алдын ала дайындалған жоспарға, қойылған мақсатқа тиімді жету үшін жұмыс нәтижелерін басқару, талдау мотивациясы, сауатты-ұтымды қолдану: білім беру мекемесінің негізгі субъектілерінің еңбегі, интелллектісі мен мотивтері (директордың орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар); оқу-тәрбие, оқу-танымдық, өзіндік үрдістерді педагогикалық менеджменттің қозғаушы тетіктері ретінде ұйымдастыру заңдылықтары, қағидалары, құралдары, формалары, қызметтері, әдістері, технологиялық тәсілдері (ХмельН.Д.);
- үшінші құраушының аясында педагогикалық менеджмент үрдіс ретінде өзінің мәнін көрсетеді, тұтас алғанда білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттарға үйлесімді жетуде адамзаттық, қаржылық, материалдық, уақыттық реурстарды ұтымды әрі тиімді қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет