Практикалық сабақ 2 Тақырып 2. Имиджеология, образ теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1.Тұлға имиджінің құрамдас бөліктері.
2.Іскер адамның бейнесі.
3.Көшбасшы имиджінің негізгі компоненттері.
4.Студенттің имиджі.
Имидж - (ағылшын тілінен - imoge аударғанда «образ» (бейне, кейіп, нұсқа) - деген мағына береді) адамның санасы мен ойында қалып қоятын нұсқа кейіп туралы саналы ұғым. Қоршаған ортаға адам қандай болу тиісті? «Жазба кітапшасы» - деп аталатын еңбегінде А.П.Чехов былайша атап кӛрсетті. «Салауатты саналы, дене пішімі тартымды» болуы тиісті. Сонымен, имидж адамның сыртқы пішіні мен ішкі саналы дүниесімен тікелей байланысты. Имидждің теоретиктері тұлғаның жекелей жаратылысты қасиеттерін ғана қарастырып қана қоймай, арнайы тағайындала отырып қолданылатын қасиеттерін қарастырады.
Имидж кез - келген адамның «Мен» сӛзін жариялы түрде қабылдауын, міндетті қажетті етеді. Сонымен қатар, қабылдау жекелей тұлғалық ерекшеліктер призмасы арқылы да жүреді. Ӛзге тұлғалық ерекшеліктерді қабылдаудағы адамның мүмкіншіліктері эмоция мен сезімталдылыққа негізделген. Имиджді - алғашқы қабылдау - ішкі тартымдылық - қызығушылықпен ерекшеленеді. Сұлулықтың адамға әсері. Имиджді екінші сатылы қабылдауда, тартымды тұлға болу үшін әсем сыртқы кӛрініс толық жеткілікті емес. Сыртқы кӛрініс имидждің қалыптасуында үлкен роль атқарады, алайда шешуші емес. Тарихи тұлғалардың сыртқы кӛріністері әрқашанда әсем, сұлу болған емес, алайда олардың тартымдылығы мен танымалдылықтарына қазіргі заманғы саяси және мәдени қайраткерлер қызығушылықпен қарайды.
Имиджді құрудың басты принципі адамның санасына ғана емес, сонымен қатар, ішкі сана - сезіміне әсер ету, тұлғаның ішкі сапалық ерекшеліктерін тани, оқи білу. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына тӛмендегідей түрлерін бӛліп қарастырады. Мекендеу ортасының имиджінің қалыптасу принциптері: егер қалта кӛтерсе ӛзгелерден жақсы ӛмір сүру. Күрделі жӛндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі ӛте қымбат жиһаз негативті имиджді құруға мүмкіншілік жасайды. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, кӛрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституцияны басқару қиын болса, сыртқы пішіннің ӛзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады.
Іскер имидж- адамның ӛз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың кӛпшілігі нақтылай шынайы ӛмірде ӛте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж кӛрінісі жүйеленеді: ӛте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.