Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


-30 дәріс. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
Дәрістер курсы

 
27-30 дәріс. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен 
калыптасуы.
1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта 
құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар 
арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен 
тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір 
пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты 
жарияланды. 
Әлеуметтік 
салада 
мектептерді 
компьютерлендіру, 
маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 


жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық 
және саяси реформаларға бастама болды. 
Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу 
көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, 
екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді. 
Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. 
Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген 
мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. 
Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және 
басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің 
экономикасын көтеру мақсатын қойды. 
Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты 
түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш 
рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып
әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта 
қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес 
әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 
Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі 
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе 
жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған 
Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына 
Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді 
тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ 
халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар 
алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол 
плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық 
көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген 
сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен 
шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп 
қуып таратты. Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық 
Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны 
қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың 
жасақшылар жұмылдырылды. Колбин бастаған топ өздерінің арсыз 
қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын 
қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала 
жапты.
Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР 
жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай 
ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - 2212, 
прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі 
мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына 
кесілді. Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, 
Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат 
Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза 
тапты.


Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын 
қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы 
оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық 
қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды. 
1986 жылғы СОКП орталық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде 
қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының 
көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан 
жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын 
демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет