Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі



Pdf көрінісі
бет43/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Қазақстанның сыртқы саясаты. 
Қазақстанның 
тәуелсіздік 
алғаннан 
кейін 
өз 
шекарасының 
мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке қойды. Сыртқы саясат 
саласында жас тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі міндеттер тұрды. Бұл 
міндеттер туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты 
еңбегінде былай деп жазды: «Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын 
сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық 
дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын 


қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу 
мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің 
сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндеттерді жүзеге 
асырудан басталды». 
Қазақстан барлық ядролық зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім 
берді. Осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде дүние жүзілік 
қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты. Өз кезегінде Қазақстан да 
ұлы мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы 
желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның 
шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды 
қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды. 
Қазақстанды сыртқы саясат саласында қуаттап дем берген ең алғашқы 
мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Түбіміз бір, тіліміз бір, мәдениетіміз 
ұқсас Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды. 
Қазақстан Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты 
дамытуға маңыз бере отырып, 1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік 
іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық 
кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. 
Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау 
мұнай өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары бар. 
Қазақстан Репсубликасы өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен 
қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуірінде Қытаймен арадағы 
қатынас ушығып кеткен болатын. Сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен 
арадағы шекарасы 1740 километрге созылып жатыр. 1992 жылы тамыз 
айында Қазақстан мен Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол 
қойылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара 
келісіміне қол жетуі – Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 
1995 жылғы ақпанда ҚХР-дың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі 
елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті. 
Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада және Батыс Европадағы 
дамыған елдермен дипломатиялық және экономикалық қатынасын 
дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың 
АҚШ-қа барған сапарында Президент Дж. Буш екеуі үш келісімге қол қойды. 
Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы 
байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады. 
Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның 
«Аджип» сияқты компанияларымен мұнай және газ өндіру үшін іскерлік 
байланыстар жасалуда. 
Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен Қазақстан 
арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы 
сақталып отыр. 1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, 
Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды. 
Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен 
тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар 
орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің 


арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан 
дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы 
әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы 
аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. 
Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті 
әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық 
қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік 
жылдарында 
Қазақстан 
әлемдік 
қауымдастықтың 
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең 
қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз 
халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. 
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 
ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 
Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана бар қиындықты жеңуге 
болады. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, 
бүгінде еңбеке шешуші ұлттық фактор екенің ұғындырады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 
атты сөзін 2012 ж.10 шілдеде барлық қазақстандықтарға арнады. Елбасы 
дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - Жалпыға Ортақ 
Еңбек қоғамы трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқаның айқын көріп 
отырмыз. Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан 
біздің әлеметтік саясат бәсекеге қаблетті және күшті Жалпыға Ортақ еңбек 
қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Болашақта тек Еңбек қана барлық 
қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін 
қамтамасыз ете алады. 
Жазғы 2012 ж. Лондон Олимпиадасының женімпаздары ерекше аталып, 
барлық қазақстандықтардың патриоттық және рухани өсуіне әсері мол екені 
баяндалады.
14 желтоқсан 2012 ж. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жіберді.
Стратегия 3 бөлімнен тұрады: 1. Қалыптасқан Қазақстан -
мемлекеттілігіміздің, Ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамыздың, 
қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық 
беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері. 
3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы –жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы 
жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Елбасының Жолдауы семинар 
сабағында талданады және де екінші аралык бақылау тапсырмасы ретінде 
қабылданады. 
Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана бар қиындықты жеңуге 
болады. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, 
бүгінде еңбеке шешуші ұлттық фактор екенің ұғындырады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 


атты сөзін 2012 ж.10 шілдеде барлық қазақстандықтарға арнады. Елбасы 
дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - Жалпыға Ортақ 
Еңбек қоғамы трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқаның айқын көріп 
отырмыз. Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан 
біздің әлеметтік саясат бәсекеге қаблетті және күшті Жалпыға Ортақ еңбек 
қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Болашақта тек Еңбек қана барлық 
қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін 
қамтамасыз ете алады. 
Жазғы ХХХ Лондон Олимпиадасының женімпаздары ерекше аталып, 
барлық қазақстандықтардың патриоттық және рухани дамуына әсері мол 
екені баяндалады. 2012 ж. 27-28 шілдеде ашылуы – 12-13 тамызда жабылу 
салтанаты. Қазақстан -12 орынға ие болды. 13 алтын, кұміс, қола медальдар 
женіп алғандар: Александр Винокуров(велоспорт), Зульфия Чиншанло (ауыр 
атлетика), Майя Манеза(ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр 
атлетика), Илья Ильин ( ауыр атлетика), Ольга Рыпакова ( жеңіл 
атлетика),Марина Вольнова(бокс), Иван Дычко(бокс), Газель Маюрова 
(күрес), Серик Сапиев(бокс), Адильбек Ниязымбетов(бокс), Даниял 
Гаджиев(борьба), Ақжүрек Танатаров(еркін күрес).
14 желтоқсан 2012 ж. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050». Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жіберді.
Стратегия 3 бөлімнен тұрады: 1. Қалыптасқан Қазақстан -
мемлекеттілігіміздің, Ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамыздың, 
қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық 
беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері. 
3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы –жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы 
жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Елбасының Жолдауы семинар 
сабағында талданады және де екінші аралык бақылау тапсырмасы ретінде 
қабылданады. 
1.«Қазақстан 
-2050» 
Стратегиясы 
– 
қалыптасқан 
Қазақстан 
мемлекетінің мәселелері туралы 
2. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ХХІ ғасырдың жаһандық 
мәселелері 
3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет