Ерте мемлекеттік құрылымдар Сақтар (б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғғ.). Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста – аримаспы, Орта Қазақстан – исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтар аржағында, «биіктаулардың етегінде», оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.
Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты; көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.
Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт бар – 1-уі орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай, мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де , бойы 165 см.
Қазір көп ғалымдар оларды Иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес, түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған.