2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;
Психологиялық дайындық: Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Білімді боп топты жару,
Білікті боп өмірге ену.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Кубик әдісі» әдісі арқылы Жақан Смақовтың «Отан» туралы өлеңін жатқа сұрау.
2. «Кім көп біледі?» ойыны. Отан, тіл, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.
ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы арқылы бағалау. "Жарайсың!","Керемет!"
Білу және түсіну
Қызығушылықты ояту. Бейнематериал тамашалау.
Не коргендеріңді айта аласыңдар ма? ( табиғат, тау, өзен, мектеп, ана, жылқылар, )
Көргендерін «Кластер» әдісі арқылы сызбаға түсіру.
- Бұл көргенімізді бір сөзбен не деп айтуға болады?
- Отан.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы М.Мақатаев-тың «Отан туралы» өлеңі.
Автормен танысу айдары:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағиман. Қара өлеңнің шебері
Ол-ұстаз. Ол-лирик ақын.Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Мұқағали поэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары бар.
Тыңдалым: Мұқағали Мақатаев «Отан туралы» өлеңін бейнероликті тамашалап мұқият тыңдайды.
Оқулықпен жұмыс
I топ- Өлеңді тізбектей оқу (жұлдыз сыйлау)
II топ- Шумақтап оқу (күн сыйлау)
III топ- Әндетіп оқу. (гүл сыйлау)
IV топ –Хормен оқу. (жалау сыйлау)
ҚБ: "Шапалақтау" әдісі арқылы бағалау.
Талдау- табыс кілті. Өлеңді талдау.
Авторы:
Тақырып:
Жанр түрі
Шумақ
Тармақ
Негізгі идеясы:
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып.
Егеменді ел көрдім
Дәптермен жұмыс: «Жоғалған сөздер» ойыны
..... аспан
қауызын ашқан ....
қол жетпес асқар .....
..... өзен
қасиетті .....
....... үн
ҚБ: Өзін-өзі бағалау әр дұрыс жауапқа бір балл қояды. (барлығы 6 балл)
Оқулықтағы 6 тапсырманы ауызша талдау.
Топтық жұмыс: «Шығармашылық шыңы – ізденіс»
I топ- «Менің Отаным» тақырыбына сурет салу;
II топ- «Мұқағали» сөзінің әр әрпіне қатысты қасиеттерін жазу .
III топ- «Адасқан әріптер» ойыны (сөз құрау);
Т А Н О
ЕТЛАҢАБ
АЗҚАҚСТНА