Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет83/188
Дата23.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#120692
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   188
Байланысты:
фил. конспект лекции (2)

Онтологиялық мәселелер

Лейбниц алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөнiндегi iлiмдерi оны қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанциялары дүниенi қаққа бөлiп, олардың бiрегейлiгiн дәлелдеу ұшiн ол Құдай идеясын еңгiзуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екi атрибуты - созылу мен ойлау - бұрынғысынша бiр-бiрiнен тәуелсiз болып қала бердi. Бұл екi ұлы философтар дүниенiң шексiз әр-түрлiлiгiн өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.
Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты - түбi бiр, сонымен қатар шексiз әр-түрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.
Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.
Мұндай ой-өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадаларды (monos,- грек сөзi,-бiр) мойындауға әкелдi. Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.
Сөзсiз, мұндай ойларға Лейбництi Левенгуктың микроскопты жасап адам ұрықтарын үлкейтiп көрсетуi себеп болса керек.
Лейбництiң монадалары iс-әрекетке толы, олардың әрбiреуi мәңгiлiк өзгеру, жетiлу толқынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейiн әр-түрлi iшкi күштерге толы, олар өздерiн шындыққа айналдыру жолында материалдық өмiрдi, физикалық процестердi тудырады.
Монадаларды жете түсiну үшiн ойшы адамдардың өмiрiмен оларды салыстырады, өйткенi, адамның жан-дүниесiнiң өзi әр-түрлi монадалардан тұрады. Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде үне бойы өзгергенмен, бiрақ сол тұлға болып қалады - монадалар да сол сияқты.
Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әр-түрлi топтарға бөлiнiп өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты..
Әрбiр монада - өзiнше жабық ғарыш. Лейбниц “монадалардың әйнегi жоқ, сондықтан ешнәрсе оған кiрiп, ешнәрсе одан шыға алмайды²,- дейдi. Монада басқа монадаларға өзiнiң әсерiн тигiзе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбiреуi - өз-өзiне жеткiлiктi және өзiн-өзi шектеген.
Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бiр-бiрiне өз әсерiн тигiзе алмаса, онда Дүние бытырап тәртiбi жоқ тұңғиық болып кетпей ме? Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген, үйлесiмдi түрде өмiр сүредi. өйткенi, олар алдын ала орнатылған сәйкестiктiң негiзiнде өмiр сүредi.
Дүниеде алдын-ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң Теодицея деген ұғымымен берiледi (teos,- грек сөзi,- құдай, dike,-әдiлеттiлiк, бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi).
Монаданың iшкi өзгеру, даму сатысын көрсету үшiн Лейбниц тағы да оны адамның жан-дүниесiмен салыстырады.Түйсiктер, аңлау, қабылдау, өзiндiк сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтедi.
Ең төменгi дәрежедегi монадалар негiзiнен тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар “түс көрмей ұйықтайды².
Екiншi сатыдағы монадалардың түйсiктерi, аңлаулық қасиеттерi бар. Олардың сана сезiмi әлi көмескi, iс-әрекеттерi әлi енжар болып келедi. Оларға негiзiнен жануарларды жатқызуға болады.
Д.Локктың философиялық көзқарастары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет