Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


тақырып. Орыс философиясы



бет119/188
Дата23.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#120692
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   188
Байланысты:
фил. конспект лекции (2)

12 тақырып. Орыс философиясы
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі- Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс ұлтының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзінд(егі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп , қалыптасқан уақыты Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы деуге болады. Оы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты.
Философиялық әдебиетте ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап көрсетіледі:славянофил бағыты және батысшылдар бағыты.
Философиялық ой-пiкiрдiң Ресейде дұниеге келуi ХI ғ басталып, негiзiнен, христиандық дiндi қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдiң ойшылдары өз мемлекеттерiнiң Құдай нұрының шапағатына қатысты екенiн негiздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрiсi адамның жұрiс-тұрысын ретке келтiретiн мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дiнiнiң бүкiл адамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негiздеуге бағытталды.
Славянофилдер мен батысшылар ағымы
Славянофил бағыты өкілдерінің негізгі идеясы- православие дінін уағыздау. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады,діниөзгеріс халықтың,қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді.
Екiншi бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар бодандығында екi ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерiнен қалып қойды, сондықтан, орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлiм-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды “батысшылар² деп атай бастады. Осы екi ағым арасындағы күрес өзiнiң шиеленiсiне ХIХ ғ ортасында жеттi. Ақырында, большевиктер бұл шиеленiстi “батысшылардың² пайдасына шештi. Алайда бұл екi ағым арасындағы астыртын күрес әрi қарай жүре бердi.
Бұл ағымның негiзiн қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдерi қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемелiне келген, орнықты, тәртiптi. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжiрибесiн игерiп, олардың жiберген қателіктерін қайталамай, өзiнiң болашағын ағарған зерденiң негiзiнде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтiң көзқарасы Ресейдiң бiршама зиялыларына зор әсерiн тигiзiп, “батысшылар² тобының қалыптасуына әкелдi. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсiне табынғандай қарап былай деп жазды: “Еуропаның бiр жылы Азияға бiр ғасыр, Еуропаның бiр ғасыры Азияға мәңгiлiктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарып өзiнiң тамаша жемiстерiн бердi. Өмiрдiң көп келбеттiлiгi, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзiктiлiгi, ғылым мен өнердiң дамуы, табиғаттың бисаналық күштерiн бағындырып игеруi, материяның жеңiлiп, рухтың көкке қарай өрлеуi, адамның кiсiлiгiн сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы...- бәрi де Еуропа өмiрiнiң дамуының нәтижелерi,- деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгiнгi Батыс руханиятын көрсе, мүмкiн мұндай көзқарасқа түзету еңгiзер ме едi, кiм бiледi?
“Батысшылар² Ресейдi “византиялық-православиялық² ноқтадан құтқару керектiгiн, тұлғалар өз таңдауының негiзiнде iс-әрекет жасау мұмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ, олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениетi православиялық дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар “патшаныкi - патшаға, Құдайдікi - Құдайға² деген қағиданы ұстады. Яғни, мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi жаңару - православиялық- халықтық мәдениеттiң iсi. Тек iшкi рухани жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүрiп жатыр,- деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi - Ресей қоғамы жекелiктiң, я болмаса қауымдастықтың негiзiнде даму керек пе?,- деген сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр сұру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. қауымдастықтың шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар. Қоғамның дамуының негiзiнде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керiсiнше, адамды сұю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. “Бiз сүйiп сенемiз, олай болса, өмiр сұремiз²,- деген нақыл сөздiң астына әрбiр славянофил өз қолын қойған болар едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет