Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет89/188
Дата23.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#120692
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   188
Байланысты:
фил. конспект лекции (2)

Тарих философиясы

Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда алғашқы iз салғандардың қатарына жатады.
Бiрiншiден, тарихшылар көсемдердiң жасаған iстерiнен гөрi халықтардың өмiрiне көбiрек көңiл бөлу керек.
Екiншiден, тарихшылар белгiлi халықтың рухани мәдениетiнiң мазмұнын мұқият зерттеуi қажет ( оған ол мораль, өнер, философия, құқтық және саяси көзқарастар, ғылыми деректер, әдебиет пен мифологияны жатқызады) жаңғыз ғана халықтың дiни сенiмiн қарастыру жеткiлiксiз.
Үшiншiден, адамзаттың дүниенi игеру жолындағы жасаған материалдық мәдениет те мұқият зерттелуi керек.
Төртiншiден, христиан елдерiнiң тарихы - ол бүкiл адамзат тарихымен тең емес. Сондықтан, басқа халықтардың да тарихын зерттеп, оларды бүкiл адамзаттық тарихқа еңгiзу қажет.
Вольтер қоғам дамуының, өзгеруiнiң қайнар көзiн адамдардың ой-өрiсiнен, пiкiрлерiнен көредi. “Адамдардың пiкiрлерi дүниенi басқарады²,- дейдi ол. Бiрақ ол пiкiрдi халықтың көпшiлiгi қолдауы керек. Олай болса, мемлекеттi басқарып отырған саясаткерлердiң ойы мен iс-әрекеттерi халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмiрге әкеледi. Бүкiл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған бақытсыздық, зардап шегу, қылмыстық, әпербақандықтың бәрi - өкiмет басындағылардың арсыз билiгiнде болды деген қорытындыға келедi.
Бiрақ, сонымен қатар, Вольтер өз заманына - ХУIII ғ көп үмiт артады,өйткенi ғылымның дамуы, өнердiң өрлеуi, зердеге негiзделген философиялық ойлар кеңiнен тарап халық бұқарасының рухани деңгейiн өсiрiп жатыр. Ал мұндай өрлеу Вольтердiң ойынша өкiмет билiгiне “ағарған дана патшаның² келуiне себеп болады. Ол қоғамдағы залымдықты құртып, адамдардың бақытты өмiр сүруiне керектi жағдайларды жасайды,- деген оптимистiк өмiршеңдiк оймен өзiнiң тарих философиясын аяқтайды.
Тарих- үлкен оқытушы. Өткендегi болған кемшiлiктер мен қаталықтарды бiлген халық қана оларды өзiнiң болашақ өмiрiнде қайталамайды,- деп бiз Вольтердiң ойын әрi қарай жалғастыралық. Ол ,әсiресе, қазақ халқына ауадай қажет нәрсе.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет