Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет112/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   175
К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесi ретiнде кеңiнен таныс. Сондықтан, бiз оның ғылыми-техникалық идеяларын қарастырмай, тiкелей оның философиялық көзқарастарына көшемiз. Оның ойынша, адам ғарыштың өмiрiнiң бiр бөлiгi, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерiстермен тығыз байланысты. әрине, мәңгiлiк Ғарышқа қарағанда, жер бетiндегi адамзат әлi өте жас. Дегенмен, болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде жер бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi мұмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде адам Ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне көтерiледi, - деген батыл пiкiр айтады.
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және космостық өмiр сұруiн бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру - адамзаттың “сәбилiк шағы², сондықтан, ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығармашылық - өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:
а) адамзат қажеттiктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта
өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс Ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық Ғарышта өмiр сұре алатын дәрежеге келуi;
Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң Ғарыштағы ерекше орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ К.Э. Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар едi.
В.И.Вернадскийдiң негiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бұгiнгi қалыптасқан биосфера жөнiндегi “ұлкен жұйе² теориясы, тiршiлiктiң ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға тұсуi т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдiң шығармашылық еңбектерiнде үлкен орын алды. Жер бетiндегi тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш- қуатты тудырады . Оның аты - ақыл-ой, зерде . Адамзат ақыл-ойы мен еңбегiнiң арқасында жаңа геологиялық күшке айналып биосфера жаңа ақуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтiрiлген жер бетi) сатысына көтерiледi. Сонымен, В.И.Вернадскийдiң ойынша, адамзат зердесi - ғарыштық құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет