Материалистік ағымдар. Әрине, Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. Мысалы, “ци² ұғымы Демокриттің “атом² ұғымымен тең, олар көзге көрінбейтін, әр-түрлі салмақты ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың “аспанға² табынуы әдетіне қарсы шығып былай дейді: “Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз? Біреу сұрады: Егер рух болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды? – Мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады² т.с.с.
Дегенмен, Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды.
3 тақырып. Антикалық философия. 1. Антикалық философияның қалыптасуы. 2. Алғашқы Грек философтары. 3. Антика заманындағы классикалық философия. Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл үрдістер Vқ-V б.ғ.д. өтті.
Грек философиясының қайнар көзі – оның бай мифологиясында, гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен 7 дана аталарында. Сондықтан қысқаша оларға тоқтап кетпеуге болмайды.
Грек мифологиясы. Грек мифологиясы – осы күнгі уақытқа дейін адамзатты таңғалдыратын мәдени құбылыс. Ол – бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл ағарған адамзаттың рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп, шығармашылық шабыт туғызатын көне мәдениет туындылары.
Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір-салтын, олардың қиялдар мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына оның ашылмаған сырларына деген көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, Дүниенің қалайша пайда болғаны жөніндегі алғашқы түсініктерін байқауға болады.
Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер, философия, әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифологиясында ең жоғарғы құдай – Зевс, - Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен Аидпен Дүниені бөліп алады. Зевсқа аспан, Посейдонға – мүхит, Аидқа жер тиеді. Зевс аспандағы бұлттарды жинап, жерге жаңбыр жаудыртып найзағайды жібереді, ол үй шаруасына көмектесетін Құдай.
Грек мифологиясында егер Эрот – махаббатың Құдайы болса, өмірдегі қуаныш пен бақытты көрсетсе, Танатос - өлім Құдайы болған. Ал оның інісі – Гипнос - ұйқы Құдайы.
Егер Афродита – сүю мен құнарлықтың әсем Құдайы болса, онда Пандора - әсем залымдықты көрсетеді. Зевстің бұйрығы бойынша, ұста құдайы Гефест Пандораны өте әсем қылып жасап шығарды. Ол адамдарға келгенде өзімен әкелген қобдишасын ашып, бүкіл залымдықтарды жер бетіне шығарып жіберді, тек қана оның түбінде үміт қалыпты.
Көне гректердің Құдайларының ішіндегі әділқазысы – Фемида, әділеттілікті қадағалап байқап отыратын – ол Дике.
Егер Эфир күн Құдайы болса, онда Нюкта – түн Құдайы. Нюкта ешкімге қосылмай жалғыз өзі алдауды, құмартуды, қайғыны, аштықты, кәрілік пен өлімді тудырыпты.
Ал адамға келетін болсақ, грек мифологиясында оның жаны (психе) және ақыл-ойы (нус) бар. Жануарлардың жаны болғанымен олардың ақыл-ойы жоқ. Нус адамдарға ғана тән құбылыс.
Адам өмірінің ұзақтығын, жасын анықтайтын құдай – ол Мойра, ал адамның тағдырын анықтайтын – Ананке. Ал Тихе деген тағдыр құдайы белгілі бір кездейсоқтықтың негізінде адамның тағдырын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Адамның ақыл-ойы мен сезімінде шабыт тудыратын құдайлар – олар Музалар. Эрато – махаббат пен поэзияның, Клио – тарихтың, Мельпомена – трагедияның, Терпсихора – бидің, Талия – комедияның, Урания – астрономияның музалары.
Оқырманның байқағанындай бұлардың бәрі қазіргі мәдениет, білім салаларында осы уақытқа шейін айтылатын кейіпкерлер.