Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі



бет52/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
“Бірінші Барлық²- белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (potentіa-лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act-лат. сөзі, шындық, іс әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.
Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан-дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, - олардың мән-мағнасы, бітімінің танылатындығында жатыр.
Актуальды интеллектке келер болсақ, Аль-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектің объектіне айналады.
Игерілген интеллектке келер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыруы жатыр.
Іс-әрекеттік интеллект- Аль-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойды шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін Аль-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені көре бастайды. Оны себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті.
қс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.
Аль-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары.
Жоғарыда көрсетілгендей, Дүние Алғашқы Барлықтан саты -саты болып төмендеп өмір сүретін болса, онда қоғам өмірі де соған ұқсас. Тек мұндағы “Бірінші Мән² - ол Халиф, Имам. Ол өзінің жан-дүниесі, ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге, олар өздерінен төмен басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп ең соңында ол қарапайым халыққа жетеді.
Қоғамның қажеттігін Аль-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керектерінің бәрін жасай алмайтындығынан, екінші жағынан, басқарларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан, адамдар бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп, қажетті заттармен бөлісіп өмір сүрген.
Қоғамды Аль-Фараби толық және толық емес қылып екіге бөледі.
Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат- ол белгілі халықтың өмірі, кіші - ол белгілі бір жерде орналасқан кешен - қала, ауыл-сондағы тұратын адамдар.
Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне жеткіліксіз-сондықтан, оларды ол толық емес деп атайды.
Әсіресе, біз оқырманның назарын Аль-Фарабидің мына ойына аудармағымыз келеді. “ұлы игілік², ең биік жетістіктерге ең алдымен қала жетеді, ал ауылды алатын болсақ, оның негізгі қажеттілігі- оның тек қаланы қамтамасыз етуінде. Аль-Фарабидің өмірден кеткеніне 1000 жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халқына бұл ой осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып жатыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ақуалда қазақ халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация процесіне қатысып, қалалық халыққа айналуда. Тек қалалық халық қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысып өзінің мүдделері үшін тиімді күресе алады. (urbanus-қалалық, лат. сөзі).
Аль-Фараби қалалардың өзін екіге бөледі - олар игілікке бағытталған қала мен надандар қаласы.
Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әр-түрлі өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді. Сол сияқты қаладағы адамдар да әр-түрлі болса да қала басшысына бағынып бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап өмір сүрулері керек.
Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр. Ол адамгершілігі жоқ, айырбастау қаласы, адасқан қала.
Надан қаланың, адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған ұмтылмайды да, оған сенбейді де. Олардың ойынша, өмірдің мақсаты-денсаулық, байлық, рахатқа бату, ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау. Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғандарына бақыт болып көрінеді. Ал айтылғандардың бәрі қосылса, онда одан асқан бақыт болмайды деп олар ойлайды.
Аль-Фараби надан қаланың түрлеріне тоқтайды. Бүгінгі таңда біз де әлі өзіміздің даму бағытымызды, жалпы ұрандар болмаса, айқын анықтаған жоқпыз. Сондықтан ойшылдың мініздемелеріне тоқтай кетелік, мүмкін оқырман одан өзінше дәріс алып, ойға қалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет