29-30 дәрістер
Жарықтың корпускулдық теориясы.
Температуралық тепе-теңдік күйіндегі денелердің сәуле шығаруы. Қара дененің сәуле шығару заңдары. Элементар кванттық теория.
Фотоэффект. Люминесценция және оның негізгі заңдылықтары. Жарық қысымы (кванттық және толқындық теориясымен түсіндіру).
Температуралық тепе-теңдік күйіндегі денелердің сәуле шығаруы
Әртүрлі денелер жарықты әртүрлі жұтады. Қара денелер жарықты күшті жұтады, ақ денелер нашар жұтады. Бұған дәлел ретінде көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, күн сәулесіне қойылған бөшкедегі су егер бөшке қара түске боялған болса, онда тезірек жылиды.
Дененің сәуле жұтқыштық қабілетін сандық сипаттау үшін мына шаманы енгіземіз:
. (1)
Мұндағы - денеге түсетін жарық энергиясы, Wжұт - денеде жұтылған жарық энергиясы. шамасын дененің жұту қабілеттігі деп атаймыз. Жұту қабілеттілігін тәжірибе жүзінде дененің қыздырылуы бойынша өлшеуге болады.
Мөлдір емес денелер үшін жұтылған және шағылған жарық энергияларының қосындысы түскен жарық ағыны энергиясына тең:
,
сондықтан өлшемділіксіз шамасы мына аралықта жатады: . Шектік жағдайларды былай атауға болады: - «ақ дене», - «қара дене».
Тәжірибеден бір дененің жұту қабілеттілігі дене температурасы өзгергенде және оған түсетін жарық жиілігі өзгергенде өзгеретіндігі көрінеді. Демек, әрбір денені қайсыбір функциямен сипаттауға болады. Әрине, әртүрлі денелерде осы функциялар тіптен әртүрлі болады.
Қара дененің сәуле шығару заңдары
температураға дейін қыздырылған ішіне қуыс істелген дене бар болсын (1-сурет).
Қ уыстың қабырғалары жылулық сәуле шығаратындықтан, қуыс осы сәулемен толтырылған болады. Дене температурасы тұрақты етіп ұсталатын стационарлық жағдайларда қуыстағы жылулық сәуленің сипаттамаларының тұрақты және белгілі мәндері болады, дәлірек айтқанда, қуыс қабырғаларының жарық шығару және жұту процестері өзара бірін-бірі теңестіретіндей мән-дері болады. Басқаша айтқанда, стационарлық жағдайларда қуыс қабырғалары мен оның ішіндегі сәуле арасында жылулық тепе-теңдік орнайды. Осы жағдайда қуыстағы жылулық сәуле тепе-теңдік сәуле деп аталады.
Қуысты сыртқы кеңістікпен қосатын кішкене тесік істеп тепе-теңдік жылулық сәулені зерттеуге болады. Осы тесік арқылы тепе-теңдік жылулық сәуле қуыстан сыртқа шығатын болады және оның сипаттамаларын өлшеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |