Көрінетін жарық дегеніміз ұзындығы 780 нм-ден



бет1/4
Дата01.02.2023
өлшемі44,72 Kb.
#64370
  1   2   3   4
Байланысты:
Жарықтың интерференциясы


Көрінетін жарық дегеніміз — ұзындығы 780 нм-ден (қызыл жарық) 400 нм (күлгін жарық) аралығында болатын электромагниттік толқындар. Әйтсе де, мұның физикалық негізінде басқа электромагниттік толқындардан (радиотолқыннан, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген және гамма сәулелерден) ешқандай өзгешелігі жоқ. Көрінетін жарықтың, сондай-ақ инфрақызыл және ультракүлгін сәуле шығару механизмі "Атомдық физика" тарауында қарастырылады. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарылады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады, сөйтіп, атом синусоиданың бір үзігін шығарады.
Оны толқындық цуг (цуг — немісше салтанатты жүріс) деп атайды (4.9-сурет). Вакуумдегі толқындық цугтың ұзындығы l = сτ ≈ 3 м, жарық толқынның ұзындығы шамамен 10−6 м. Демек, толқындық цугке бірнеше миллион толқын ұзындығы сыяды екен. Күнделікті тұрмыста жарық бір уақытта көптеген әр түрлі жарық көздерінен таралады. Бұл толқындар бір-бірімен кездескенде қабаттасып жатады. Бірақ бір-бірінің әрі қарай таралуына кедергі келтірмейді. Сондықтан заттардың бейнесі бізге бұзылмай көрінеді. Себебі, электромагниттік толқындардағы электрлік және магниттік өрістер вакуумде таралғанда өздерінің бағыттарын өзгертпейді, электрлік және магниттік өрістердің кернеуліктерінің шамасы сол күйде болады.
Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден 400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.
Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.
Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.
Жарық интерференциясын тұрмыста қолдану
Интерферометрлер - өте кішкене бұрыштарды дәл өлшеуге, жарық толқынының ұзындығын, кіші кесінділерін ұзындығын, әр түрлі заттардың сыну көрсеткіштерін анықтауға, беттің өңделу сапасын тексеруге және беттің жылтырау дәлдігін анықтауға арналған аспаа.
Интерференция жарқындату үшін қолданылады, яғни интерференция көмегімен шағылған сәулелердің шамасын не көбейтуге, не азайтуға болады.
Интерферометрлер көмегімен қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтауға, ферромагниттер шамасының өзгеруін өлшеуге болады.
Голографияда қолданылады.
Кеңістікте бір уақытта бірнеше электромагниттік толқындар болған жағдайда олардың электрлік және магниттік өрістері суперпозиция принципі бойынша қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет