Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) – моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз — тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құралғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т.с.с кіреді.Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді. Мұндай модельді ұйымдастыру кезінде бұлт иелері виртуалдау технологиясын қолданады, яғни белгілі бір құралғылар мен бағдарламаларды виртуалды бөліктерге бөліп, бірнеше тұтынушыларға пайдалануға бөліп беруі мүмкін. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.
SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған “виртуалды жұмыс орнын” ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған “виртуалды жұмыс орнын” өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір бағдарлама ғана емес, бағдарламалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады.
Осыған ұқсас тағы бір (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) деген де модель де кездесіп қалып жүр. Оның DaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы тек бағдарламамен жұмыс істеуге ғана мүмкіншілік алады да, ал барлық есептеулер тұтынушының өз копьютерінде жүргізіледі.
Тағы да бір аты аталып жүрген «Барлығы сервис ретінде» (Everything as a service, қысқаша EaaS)моделі жоғарыда аталған барлық қызмет көрсету модельдерінің элементтерінен құралады. Бірақ бұл модель қазір нақты істейтін қызмет емес, тек қана концепция болуы мүмкін. Осындай модельді жуық арада Microsoft, Google, HP т.с.с ірі гигант компаниялар ұсынуы мүмкін деген жорамалдар айтылуда.
Көріп отырғанымыздай бұлттық есептеулердің түрлері мен қызмет көрсету модельдері өте көп, солардың барлығы да бизнеске арналған. Соның ішінде қарапайым жеке тұлғаларға арналған SaaS түріндегі шешімдер қазір көптеп кездеседі. Бір қызығы, солардың көпшілігін қазір күнделікті өмірде қолданып жүргенімізбен, бірақ солардың «бұлттық» шешімдер екеніне көбіміз назар аударып жүргеміз жоқ.