Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



бет25/31
Дата25.11.2023
өлшемі438,08 Kb.
#126985
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

Әлемді өзгертетін жаһанданудың 10 ақпараттық технологиясы:
1. Интернет IPv6-ке өту іс жүзінде интернетке қосылудың сансыз мүмкіндіктерін сыйлайды. 2020 жылға қарай интернетке қосылған құрылғылар саны 50 миллиардқа жетеді, яғни бұл әрбір жер тұрғынында алты құрылғы бар деген сөз. Дамыған елдерде әрбір адамға үш құрылғыдан (дербек компьютер, смартфон, планшет) келеді. Ендігі кезек деректерді жинау, тасымалдау мен талдауға арналған сенсорлық желілердікі. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде әртүрлі смарт жабдықтар мен диагностикалық хирургияда қолданылады. Ericsson компаниясы датчиктердің көмегімен Twitter-ге “ағаш” жалғап, ол адамның эмоциясын сипаттап отырады.
2. Деректер 2008 жылы бес экзайбайт өте сирек кездесетін ақпараттар қоры жинақталды. Үш жылдан кейін бұл көрсеткіш 1,2 зеттабайтқа(1 зеттабайтта 1024 экзабайт бар) жетті. 2015 жылы интернет деректердің 91 пайызын HD-видео құрайды. Ал келесі кезектегі “Zettaflood” үшін көлемді көлемді деректер қорын тасымалдау үшін желілерді жақсартуға тура келеді.
3 Бұлттар технологиясы 2020 жылға қарай деректердің үштен бір бөлігі бұлт технологиясы арқылы сақталып тасымалданады. Әлемдік бұлт сервисі компанияларының жылдық табысы 20 пайызға артады, ал 2014 жылға қарай бұлттық есептеу саласының шығын көлемі бір триллионнан асып жығылады. Бұлт технологиясының есептеу қуаты оны қолдану амалдарын өзгертуімізге түрткі болады. Қазірдің өзінде Android орнатылған телефонмен дауыстап Google-ға сұраныс жіберуге болады. Коммуникациялар барған сайын ақылды боп барады, алдағы уақытта контекстік және локалды ақпараттарды қолданатын болады. Мысалы, егер абонент ұйықтап жатса немесе көлік жүргізіп келе жатса система келген қоңырауларды бірден дауыс хабарламаларға ауыстыра қояды. 
4 Желілер Төрт жылдан соң желілердің өткізгіш қабілеті үш миллион есеге артады. Өнеркәсіптің негізгі бөлігі 40 GbE және 100 GbE стандарттарға бейімделгенмен желілердің мүлде жаңа түрлері жасалып жатыр. Планетааралық желілер тарту үшін деректерді өте алыстан шапшаң алмастыруға мүмкіндік беретін протоколдар зерттеліп жатыр. Қазіргі кезде лазерлік мультитерабиттік желілер әзірленуде. “Кванттық тізбек” құбылысына негізделген кванттық желілер концепциясы жасала бастады. Квантты желілерді құру ондаған жылдарда шешілетін мәселе.
5. Бейбітшіліктің азаюы Әлеуметтік желілер бірте бірте мәдениетке ықпал ете бастады. Оны “араб көктеміне” соқтырған Египеттегі революциялардан ақ көруге болады. Тыныштықтың кетуі деп жылдам ақпарат алмасуды да айтуға болады. Twitter-де АҚШ-тағы цунами жайлы ескерту пайда болғанға дейін жер сілкінісі кезіндегі жапондардың хабарламалары шыққан болатын. Жаңалықтар “жақында” емес, “дәл қазірге” көшті. Ал бұл өз кезегінде мәдениеттердің өзара кірігуіне ықпал етеді.
6. Күн энергиясы Жердегі адамдар саны артып барады. Келесі 20 жылда ай сайын бір миллион тұрғыны бар қала пайда болады. Бұл қалаларды тиімді қуат көздерімен қамтамасыз ету керек. Мәселен, күн энергиясын алайық. Күн әлемнің энергияға сұранысын толығымен қамтамасыз ете алады, ол үшін 25 күн батареясын салу керек, олардың әрқайсысына 100 шаршы шақырым қажет болады. Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін небәрі үш жыл керек. Қазір күн батареясын құрастырудың неғұрлым ыңғайлы жолдары қарастырылып жатыр.
7. 3D-баспа Барған сайын заттардың барлығы “виртуалданып” барады. Қазіргі кезде қағаз кітап емес, оның орнына e-book оқимыз. 3D баспа технологиясы (3D печать) азық түліктен велосипедке дейін кез келген затты көзді ашып жұмғанша даярлай алады. 3D баспа немесе аддитивті өндіріс объектіні 3D моделіне қарап отырып материалдарын біріктіріп, кезең кезең бойынша құрастырып шығады. Қазірдің өзінде ойыншықтар тіпті десеңіз, көліктер де осындай жолмен дайындалуда. Адам ағзаларын 3D технологиясы бойынша “жасап шығаратын” уақыт та алыс емес.
8. Роботтар Роботтар мен виртуалды аватарлар қиял ғажайып әлемінен шынайы өмірімізге еніп, жұмыс күшіне айналады. Қазіргі кезде жанданған кейіпкерлер дауысты ажыратып, мәтіндермен сөйлей алатын деңгейге жетті және олар алдыңғы болған кездесулерді есінде сақтай алады. 2005 жылы IBM адам миын аппараттық және программалық құралдар арқылы қайта құрастыруға бағытталған Blue Brain Project жобасын бастады. 2020 жылға қарай роботтардың күші адамның күшінен асып түседі. 2025 жылға қарай роботтар саны дамыған елдердегі адамдар санынан көп болады, ал 2035 жылға таман жұмыстың барлығын роботтар істейтін болады
9. Медицина Алдағы он жылда медициналық технологиялар әлдеқайда күрделене түседі. Нанороботтар мен түтікті жасушалардан орган өсіру ісі қалыпты жағдайға айналады. Адам миы мен машинаның интеграциясы жұлыны зақымданған адамның сауығып кетуіне көмектесетін болады. Қазір де мимен басқарылатын компьютерлік ойындар және мүгедектерге арналған арбалар бар. Intel-дің программалық жабдықтау жүйесі сіздің ойыңызды ұғып, әрекеттеріңізді алдын ала біліп отырады.
10. Киборгтар Адамзат баласы өзінің ДНК құрылысын өзгертуге шамасы келетін кезге таяды. Медициналық технологиялар жаңа деңгейге көтерілген кезде адамдарда өзін өзі жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Әзірге, жаңа технологиялардың зақымданған ұлпаларды қалпына келтіріп немесе жарақатты емдеуге шамасы келеді. Бірақ түбінде адамдар өздерін жетілдіруге ден қоя бастайды. Сыртқы тұрпатын жетілдіруге құнығатыны соншалықты адамдар киборгқа айналғанын өздері сезбей де қалуы мүмкін. Американдық футуролог Рэй Курцвейл бұл құбылысты технологиялық сингулярлық нүкте деп атайды. Бұл ұғым адам мен машинаның бірігіп, жаңа түрге айналуын білдіреді. Ол 2054 жылы пайда болады.

Бақылау сұрақтары: 


Мультимедиалық технологиялар
Мультимедиа түсінігі
Мультимедиа технологиясын оқу процессінде қолдану
Мультимедиялық құралдарын қолдану әдістері
Дыбыс видео құру
Анимация, графика құрастыру әдістері
Электрондық сөздік түсінігі
Ақпараттық-коммутикативтік технологиялар түсінігі
Интерактивтік оқыту технологиялар түсінігі
Электрондық журнал түсінігі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет