SMART EDUCATION тұжырымдамасына тоқталып өтсек, SMART EDUCATION тұжырымдамасының негізі – барлық білім беру үдерісінің кешенді модернизациясы мен осы үдерісте пайдаланатын әдістері және технологиялары болып табылады. SMART тұжырымдамасы білім беру бағытында жаңа технологияның пайда болуына өз септігін тигізеді, атап айтқанда ақылды тақта, ақылды экрандар, интернетке әр жерден кіру сияқты және әр технологиялар контентті жаңаша жасау үрдісін, оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады.
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S (Specific) – мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
М (Measurable) – мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А (Achievable) – мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R (Relevant) – мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
Т (Time-limited) – мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.
Е-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту.
E-LEARNING
(Electronic Learning қысқартылған) - электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтан оқыту, компьютерлерді қолдану арқылы оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялар көмегімен оқыту секілді терминдердің синонимі.
2010 жылы ҚР БжҒМ дайындауымен «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы» қабылданып, Ел Басы Н.Ә.Назарбаевтың №1118 жарлығымен бекітілді. Осы президенттік бағдарламаға байланысты қазақстандық білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Мәселен, оқытудың жаңа формасы – электронды оқыту (E-learning) жүйесі орта білім беру жүйесіне енуде немесе 2015 жылдан бастап барлық білім беру жүйесі үш тілде оқыту, яғни қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде оқыту көзделіп отыр. Сол сияқты педагогтардың біліктілікті арттыру курстары «Ваучерлік» жүйеге өтуі қарастырылған. Бұл Мемлекеттік Бағдарлама екі кезеңнен тұрады:
2011-2015 жылдар I-кезеңді қамтиды,
2016-2020 жылдар II-кезеңді қамтиды,
Бұл Мемлекеттік Бағдарлама мақсаты: экономикалық орнықты даму үшін сапалы білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Осы Мемлекеттік Бағдарламаның бір бағыты: E-learning – электронды оқыту жүйесі.
«Электрондық білім беру» термині ғылыми жарияланымдарда оқу қызметі сияқты түсіндіріледі, бірақ ғалымдар оның мағынасын әр түрлі түсіндіреді: бір ғалымдар қашықтан оқытудың синонимі ретінде, басқалары – дербес түрде білім алу, ал үшіншісі – инновациялық білім беру түрінде қарастырады. Бұл барлық түсіндірмелердің негізгі мағынасы компьютерлерді, жергілікті немесе ауқымды Интернет желісінде пәнге бағдарланған сандық оқу контенттерін кейстік, желілік, Интернет технологияларды, синхрондық жеткізу әдістерін қолданғанда ғана электрондық білім беру жүзеге асырылатындығын білдіреді.
Қазақстанда электрондық білім беруді «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» басты бағыттарының бірі ретінде анықтау жоспарланған және білім беру жүйесінде оқытудың жаңа парадигмасына көшу механизмі ретінде қарастырады.
Электронды оқытудың негізі – ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) негізінде білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Бәсекелестікке қабілетті дамыған шет елдердің білім беру жүйесіне қарағанда, мысалы, Ұлыбританияның Үкімет аясында «Ұлттық жүйеде білім беру» бағдарламасында 1998 жылы барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылу модемін қолдануға өтті, осы кезде оқушылардың компьютерге байланысының көрсеткіші 5:1 қатынасын көрсеткен. Үкімет мұғалімдерді қайта даярлау және олардың біліктілігін жетілдіруге, оқу бөлмелерінде үйренудің тікелей жолына, on-line режимінде оқып-үйренуге қаражат бөлген. «Оn-line режимінде оқыту бағдарламасы Үкімет оқытушылар мен оқушылар үшін мектепте қажетті сандық білім беру мазмұнына үлкен талаптар мен міндеттер қойған. АКТ құралдарын қолдану қызметтері мен компьютерлер арқылы СD, DVD сандық теледидар және порталдарды пайдалануға болады. Барлық материалдар стандарт сапасына нақтылы сәйкес келген. Нәтижесінде 11 мың сандық мультимедиалық ресурстар қоры құрылды, онда 300 білім беру базасы жасалынған. Ал, білім беруді ақпараттандыру ТМД елдерінде мемлекеттік саясат, мемлекеттік бағдарламаны қабылдаумен анықталады:
Ресейде – «Біртұтас ақпараттық білім беру ортасын дамыту (2001-2005 жылдар) », «Білім беру жүйесін ақпараттандыру (2006-2008 жылдар) » Федеральды мақсатты бағдарламалар;
Беларуссияда – «Білім беру жүйесін ақпараттандыру (1998-2006 жылдар)», Республикалық бағдарламасы, «Білім беру жүйесін ақпараттандыру кешені 2007-2010 жылдар», «Электрондық оқулық» 2007-2010 жылдарда арнайы салалық бағдарлама;
Украинада – «Ұлттық ақпараттандыру бағдарламасы» туралы заң (1998 жыл) , «Қашықтан оқыту жүйесін дамыту» бағдарламасы(2004-2006 жылдар), «Білім беру мен ғылымдағы АКТ» бағдарламалары;
Әзірбайжанда – «Әзірбайжан Республикасының дамуында АКТ-ның Ұлттық стратегиясы (2003-2013 жылдар)», «Әзірбайжан Республикасының 2008-2012 жылдар білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы».
Осындай көптеген алыс және жақын шет елдерде электронды оқыту жүйесін дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы болып білім беру жүйесіне еніп, жас ұрпаққа беретін білім сапасына оң ықпалын тигізгендіктен, бұл е-learning жүйесі қазақстандық білім жүйесіне де еніп жатыр. Осыған байланысты педагог кадрларға қойылатын талаптар да туындалып отыр. Педагогқа қойылатын жаңа талаптарды мына түрде көрсетуге болады:
Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны қолданып білу;
Интернет технологияны қолдану;
Пән бойынша өзінің жеке электрондық оқулығының болуы;
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгеру;
E - learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) – электрондық оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: «e - learning – интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».
E - learning – бұл оқу және оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасына электрондық құралдарды, компьютерді, ұялы телефонды, коммуникаторларды қолданып, білімді басқару жүйесі (LMS) және интерактивтік оқыту платформасына негізделген сабақ беру формаларының бірі.
Электрондық оқыту «ашық білім беру», «қашықтықтан білім беру» сияқты ұғымдардың қосындысын береді, яғни ЭО = компьютерлік оқыту + желілік оқыту + он - лайн оқыту + Интернет оқыту + қашықтықтан оқыту.
E - learning ұғымы – бір, бірнеше немесе барлық элементтерді қолданып жұмыс жасау мүмкіндігі ауқымды оқыту формаларының бірі ретінде LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) қарастырылады.
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Қашықтан оқыту жүйесі осы немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың жиынтығынан тұрады: форумдар, чаттар, тестілеу жүйесі, файлдарды алмастыру жүйесі, электрондық тізім, виртуалды сынып бөлмелері, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар.
Электрондық оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.
1. Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибелері
E - learning термині білім беру үрдісінің электрондық формасын Интернет немесе Интранеттің көмегіне оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. E - learning оқу формасы бүгінгі күнгі ең озық білім беру формасының бірі болып табылады және де ЮНЕСКО - ның қолдауымен әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарына жедел түрде енгізілуде.
ЮНЕСКО - ның бүкіләлемдік баяндамасында «Білім қоғамдарына» барлығы үшін сапалы білім – білім қоғамы 4 негізгі қағидаларымен анықталады, ал Интернет – білім қоғамын құрастыруға моторымен анықталған. E - learning стратегиялық негізгі ұлттық білім беру жүйесін дамыту және жаңарту арқылы сипатталатындығымен айқындалады.
Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер енеді: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция.
Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%- ға ұлғаю үстінде.
Дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алады.
АҚШ - тың компанияларының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу барысында электрондық оқыту туралы келесі нәтиже алынған:
- 87% - жұмыс уақыттарында оқығанды қалайды;
- 52% - арнайы компьютер сыныбында емес, өз жұмыс орындарында оқуды қалайды;
- 84% - оқуды қайтадан электрондық форма түрінде үйренгісі келеді;
- 38% - электрондық оқу формасымен салыстырғанда дәстүрлі түрдегі форманы қалайды;
2009 жылдың тамызынан бастап, Калифорнияда (АҚШ) қағаз оқулықтарынан бас тартуға дейін әрекеттер жүргізілген. Онлайн – оқулықтары тексеруден өткізіліп, стандарттарға сәйкес келген. Сондықтан бұл мемлекетте баспа түріндегі оқулықтар шығарылмайтын болған. Осыған орай экономикалық үнем $350 миллионға дейін артқан.
E - learning корпоративті практикаларды дәстүрлі формадан CD - ROM - ға программалық қамтамасыз етуді қолданумен алмастырылып келеді және де көптеген сарапшылардың бағалауы бойынша 2004 жылға АҚШ пен Батыс Еуропада нарықта электрондық оқыту формасының мәні жоғары болған. Диаграммада IDC компаниясының сараптамалық болжамдары бойынша электрондық әдістердің көлемі 1999 жылғы 38 %- дан салыстырмалы түрде жалпы көлемі 63%- ға дейін жоғарылағандығы анықталып отыр.
E - learning – Финляндияда, Ирландияда, Оңтүстік Кореяда білімді жаңарту және экономикалық өсудің негізгі құралы болды.
E - learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады:
- Мектепті басқару жүйесі (SMS);
- Сыныпты басқару жүйесі (CRMS);
- Оқу үрдісін басқару жүйесі(LMS);
- Тестілеуді басқару жүйесі (TMS);
- Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS);
- Электрондық психологиялық – мониторингтік жүйе (MPsMS);
- Ақпараттық - анықтамалық жүйе(IMS).
SMS - School Management System (мектепті басқару жүйесі) оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы есепті енгізетін жүйе. SMS оқушылардың сабаққа қатысуын бақылай отырып, әкімшілік саясатын жақсарту негізінде жүргізілетін есептеу нәтижелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе орталық сервер және мәліметтердің шлюзінен тұруы керек. Мектепті басқару жүйесі мектептегі үрдістердің күнделікті ағымдағы кәсіби қызметтері мен есебін жүргізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жүйе мұғалімдерге дербес блогтар арқылы кәсіби тәжірибелермен және портфолиомен пікір алмасуды, оқушылардың үлгерім динамикасын зерттеп отыруды, оқушылар рейтингісін жүргізуді, мектеп ұстаздарының және әкімшілігінің жаңалықтары мен хабарламаларын беруді және тағы басқа. Әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
«Электрондық сынып журналы» модулі
Электрондық журналға рұқсат қолданушының кәсіби деңгейіне байланысты келесі әрекеттерді орындауын қажет етеді:
- Электрондық сынып журналының интерфейсі дәстүрлі түрдегі журналға барынша сәйкес келуі;
- Журнал сабақ кестесімен және күнтізбелік - тақырыптық жоспарды құрастыру модулдарымен кіріктірілуі;
- Сабақтардың тақырыбын және өткізілетін күнін, оқушыны автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі;
- Әр түрлі бағалар қою, бағаның түрлері мүмкіндігі;
- Атрибут қорытынды бағаға сәйкес есептелуі;
- Тоқсандық және қорытынды бағалардың есептелуі;
- Тақырыптың өтуін белгілеуі;
- Оқу үлгерімі және сабаққа қатысу жайлы деректер орталықтандырылған және түрлі есептер шығаруға мүмкіндік беретін онлайн режимде сақталуы;
- Сынып журналының Excel - де және HTML форматында ұсынылуы;
- Сыныпты топқа бөлу есебі.
Мектепті басқару жүйесі (SMS) – оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы есепті енгізетін жүйе.
Бұл жүйе оқу орнының электрондық журналын жүргізу қызметі ата - аналар мен оқушыларға мектеп өмірінің барлық оқиғалары туралы sms - күнделік, sms - хабарлама, e - mail немесе интернет желісі арқылы ақпараттарды берумен айналысады.
Сервистің мүмкіндіктері ауқымды және жеделдетілген болып табылады. Оның кейбір мүмкіндіктері төменде келтірілген:
• Баланың бағалары туралы ата - аналарға деректер беру;
• Ата - аналарға баласының сабақта жоқтығы туралы мәлімдеме беру;
• Сабақ кестесінің өзгерісі туралы деректер беру;
• Ата - аналар жиналысы туралы хабарландыру;
• Мектепке ата - аналарын шақыру туралы хабарландыру;
• Үйге берілген тапсырмаларды ата - ананың немесе оқушының электрондық поштасына жіберу;
• Алдағы бақылау жұмыстары және емтихан туралы деректер беру;
• Жалпы хабарламаларды жіберу (мысалы, сабақтың болмауы);
• Мәдени іс - шаралар туралы деректер беру.