Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет6/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Зачет (сынақ) -
қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір 
тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн 
бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра 
қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасы-ның негізгі 
бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, 
тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан -
оқушылардың білімін қорытынды тексеру-дің және 
бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың 
білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша 
оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің 
шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. 
4. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру 


Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де 
оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген 
қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау 
және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды 
жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды 
критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын 
отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін 
немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, 
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, 
емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми 
бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы 
қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы 
әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық 
түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: 
қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді 
анықтауға бағытталған қорытынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет