Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет1/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б



Дәрістер кешені 
1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың 
ғылыми-теориялық негіздері
Тақырып 1.Кіріспе. Бағалау нормативтері туралы ұғым 
Мақсаты: 
бағалау ұғымының мәнін анықтау.
 
Жоспар: 
1.
Бағалау нормативтері туралы ұғым 
2.
Бағалау жүйесінің тарихи дамуы 
3.
Білім беру үрдісінде бағалаудың қызметтері 
 
Демонстрациялық материалдар түрі: 
презентация, мультимедиялық 
кешен. 
Дәріс түрі: 
кіріспе дәріс 
1.
 
Кіріспе. 
Кіріспе. Бағалау нормативтері туралы ұғым 
Баға беру - бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс. Баға – 
символ, оқу жетістігін 
не санмен, не сөзбен таңбалау. Бағалау термині туралы түсінік. Бағалау – 
одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін 
жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын 
термин. 
Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін 
анықтауда критериалды бағалау маңызды орын алатындығы. Қазіргі кезеңде 
білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың 
жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-
қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты 
қойылғандығы.Критериалды бағалау алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, 
оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сәйкес 
күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау екендігі. 
Критериалды бағалау мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай 
келетіндігі. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде іске 
асырылатын процесс екендігі. 
Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, 
жұптық түрлерінің барлығында тиімді. Топ жұмысын критерийлермен 
бағалау жұмыстың нәтижелігіне, оқушылардың өзара бағалау арқылы 
пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін жеткізуіне жетелейтіндігі. 
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, 
сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары 
мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни 
бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны 
бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін 
және не істей алатындығын анықтау қажеттігі.Бағалаудың критериалды 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет