Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты


Телекоммуникациядағы ақпараттық технологиялары



бет33/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
2 Телекоммуникациядағы ақпараттық технологиялары
Жүйеге біріктірілген компьютерлер әрқашан басқарудың арнайы бағдарламаларының басшылығымен жұмыс істейді. (екі жеке компьютерді біріктіру жағдайында бұндай бағдарламаларды жеке компьютерлердің өзара әрекеттерін басқару бағдарламасы деп атау дәлірек). Жүйелерді басқарудың әр алуан бағдарламасы – жүйелік бағдарламалар бар. Байқауымызша, ең кең тараған жүйелік бағдарламалар Novel (Novell Netware бағдарламасы), Mіcrosoft (Wіndows NT-сервер, Mіcrosoft жүйелері), Lantastіc фирмаларының бағдарламалары.

Жеке компьютерлерді қосу тәсілі және жүйелерді басқаруда қолданылған бағдарламалар жүйенің түрін, пайдаланушыға берілген мүмкіндіктер мен жүйедегі жұмыстың технологиясын анықтайды.

Бірнеше компьютердің біріктірілуі пайдаланушыға жүйедегі бір компьютерден екіншісіндегі ресурстарға кіру мүмкіндігін әрқашан беру мақсатында жасалады. Бір компьютердің ресурсы екіншісіне ашық болады, бұны бөлінетін немесе жүйелік ресурс деп атайды. Ресурстарын пайдалануға беретін жүйе компьютері – сервер (хост), ал пайдаланушы – клиент. Осыған сәйкес жүйені басқару бағдарламасы екі бөліктен:

- Серверде қондырылған және оның жұмысымен барлық жүйені басқаратын жүйелі операциялық системадан;

- Клиент компьютерде орналасқан және сервермен бірлескен әрекетті қамтамасыз ететін клиенттік бөліктен (клиент бағдарламасынан) тұрады.

Серверден және клиенттегі бағдарламалар жүйенің түріне байланысты бірдей де және әр алуан болуы да мүмкін. Негізінде жеке-компьютер-клиентте пайдаланушыға әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын бірнеше түрлі клиент-бағдарламалар орналасуы мүмкін, алайда уақыттың әр кезеңінде олардың тек біреуі ғана жұмыс істеуі мүмкін.

Жүйемен жұмыс істеу үшін берілген протоколға сәйкес мәліметтер жіберуді қамтамасыз ететін арнайы жүйелік бағдарламаның болуы қажет.коммуникация протоколдары жіберілген барлық мәліметтердің көмегін белгіленген мөлшердегі пакеттер мен жеке блоктарға бөлуді бұйырады. Соңынан пакеттерді дұрыс реттеп жинап алу үшін пакеттер номерленеді.

Пакеттің бақылаушы жиынтығықателерді бақылайтын ақпараттардан тұрады. Бірінші рет ол қатені компьютердің жіберуімен есепке алады. Пакет жеткізілген (табыс етілген) соң бақылаушы жиынтық қабылдаушы компьютер арқылы есепке алады. Мазмұны сәйкес келмесе, онда жіберілген пакеттегі мәліметтер жөнелткен кезде зақымданған дегенді білдіреді. Бұндай пакет лақтырылып тасталады да қайтадан паектті жіберуге автоматты түрде сұраныс жасалады. Қондырғылар байланыс орнату кезінде коммуникациялық каналдар, протоколдармен келісімге келу үшін ескертпелермен алмасады. Бұл процесс байланыстың растығын дәлелдегені. (англ. HandShake — рукопожатие).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет