Дәрістер кешені
1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер
Мақсаты: Телекоммуникациялары жөнінде негізгі деректермен танысу
Жоспар:
1 Телекоммуникациялық жүйе жөнінде негізгі деректер
2 Телекоммуникациялардың мәні
3 Телекоммуникациялардың қызметтері
4 Электрбайланыс желілері.
5 Телекоммуникациядағы процесстер
6. Түрлендірушілер. Байланыс желілер. Беріліс процесінің моделі
7. Цифрлі деректерді аналогтік және цифрлі кодтау
1 Телекоммуникациялық жүйе жөнінде негізгі деректер
Телекоммуникациялар – бұл қашықтық бойынша қарым-қатынас жасау сұрақтарымен айналысатын технологиялары. 1 суретте телекоммуникациялардың әр түрлі секциялары көрсетілген.
Телекоммуникациялар екі түрге бөлінеді: бірбағытты және екі бағытты. Бірбағытта жұмыс жасайтын станциялар – бұл ақпаратты бір бағытта тарату орталықтан абонеттерге – радиохабарлау, телехабарлау. Екібағыттағы екі абонент арасында қарым-қатынасты орнатады.
Телекоммуникациялар механикалық және электрлік құралдарды қолданылады, яғни олардың шығу тарихы механикалық түрінен бастап электрлік түріне дейін күрделі элекрлік схемаларды қолдануға дейін дамыған. Дәстүрлі операторлар - ұлттық пошта, телеграфтық және телефондық компаниялары телекоммуникациялардың екі түрін қолданады.
Суреттің жоғары жағында көрсетілген электрлік телекоммуникацияларды – электрбайланыс деп аталады. Кәдімгі пошта мен баспасөз сияқты механикалық телекоммуникациялардың бөлігі уақыт өткен соң азып бастады, ал электрлік телекоммуникациялардың бөлігі өсіп барады.
Суреттің шетінде біріншіден механикалық телекоммуникациялар көрсетілген: пошта, баспасөз. Соден кейін электрлік: телеграф, телекс (абоненттік телеграф), телефон, радио, телеарна, компьютерлік желілер, белгіленген желілер, кабельді телеарна және мобильді телефон.
Сурет 1 - Телекоммуникацялар: формалары мен түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |