2 Телекоммуникациялардың мәні
Әртүрлі көп телекоммуникациялық желілер үздіксіз өзгеретін аса күрделі глобалды жүйеге байланысқан. Телекоммуникациялық желілер әлемдегі ең күрделі құралы болып табылады. Телефондық желі 2 миллиардтан астам стационарды және әмбебап жетуімен мобильді телефондардан тұрады. Бір телефоннан сұраным жіберген кезде телефондық желі әлемдегі кезкелген басқа телефонмен байланыстырады. Және көптеген басқа да желілер телефндық желімен байланысты. Сондықтан глобалды телекоммуникациялық желінің күрделілігі әлемдегі кезкелген басқа жүйеден жоғары.
Телекоммуникациялық қызмет атқаруы әлемдік қоғамдастықтың дамуына үлкен әсер етеді. Егер бізге елдің телефондық нығыздығы белгілі болса, онда біз сол елдің техникалық және экономикалық дамуының деңгейін бағалап білеміз. Баяу дамыған елдерде стационарлық (жылжымайтын) телефонның нығыздығы 1000 халыққа 10 телефон бар; дамыған елдерде, айталық солтүстіктің Америкасының және Европада, ол 1000 халыққа 500 - 600 телефонға жақын келеді.
Дамыған елдің экономикалық және мәдениетті дамуы (басқа сыртқы факторларына толықтауышты) тиімді телекоммуникациялық қызмет атқарудың барынан тәуелді деуге болады.
Біздің компьютеріміз, жергілікті (ЖЕЖ) желіге қосылған, біздің университетіміздің басқа бөлімдердің желілермен байланысты. Сол түрлі бөлімнің бірлескен жұмысының тиімділігі үшін қажет. Біз басқа ұйымдардағы адамдармен электрондық пошта, телефон, факсимиле және мобильді телефондар көмегімен күнделікті араласамыз. Сондай араласу ұйымның көлемінде, елдің көлемінде және халықаралық көлемде болып жатады.
Телекоммуникациялар күнбе-күнгі өмірдің көптеген облысында байыпты рөлді атқарады. Адамның әрқайсысы күнделікті телекоммуникациялық қызметтерді ғана емес, телекоммуникацияларға негізделген қызметтерді де пайдаланады.
Телекоммуникациялардан тәуелді қызметтер мысалдары:
- банктік іс, банктік автоматтар, электрондық коммерция;
- авиация, темір жол, билеттер тапсырысы;
- сауда, көтерме сауда және тапсырыстарды өңдеу;
- дүкендерде несие карточканың көмегімен төлемдер;
- туристік агенттіктермен қонақ үйдің нөмірін тапсыру;
- өнеркәсіппен материалдарды сату;
- салық салу үлгісінде үкіметтік операциялар
Достарыңызбен бөлісу: |