Дәрістер кешені №9 дәріс. Рим құқығындағы міндеттеме қатынастары Мақсаты


Міндеттемені орындау және оның тоқтатылуы



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі120 Kb.
#43826
1   2   3   4
2.Міндеттемені орындау және оның тоқтатылуы.
Алғашқыда тараптар біріне бірі нақты байланыста болғандықтан тараптардың ауысуы мүмкін болмаған және өкіл арқылы орындауға жол берілмеген. Шаруашылық және сауда-саттық дамыған сайын бұл қатаң ережелер өзгертіліп, міндеттемелерге өкіл арқылы қатысу рұқсат етілді және тараптардың біреуіне – кредиторға - өзінің талап қою құқығын өзге тұлғаға беру рұқсат етілді. Ол екі жолмен жүзеге асырылатын. Мысалы, кредитордың құқықтары мұрагерлеріне ауысатын. Одан кейін новация деген әрекет енгізілді. Новация бойынша кредитор борышқордың келісімімен өзінің оған талап қою құқығын басқа адамға беретін. Жаңа кредитор бұрынғы борышқорға өз атынан бірінші кредитордың талабын қоятын.
Бірақта новация да тікелей тараптардың ауысуына жол бермейтін. Оның орнына цессия қолданатын болды. Цессия – ол міндеттемедегі кредитордың ауысуы, талап қою құқығын өзге тұлғаға ауыстыру. Бірінші кредитор – цедент, оның орнына келген кредитор – цессионарий. Кредитордың ауысуы тұралы борышқорға хабарландыру қажет болды. Сонда да, тұлғаның айырылмас құқықтары ауысуға жатпаған, мысалы, алиментті талап ету, ар-ожданын қорғау.


3.Міндеттемені орындау түсінігі мен қағидалары. Міндеттемедегі адамдарды ауыстыру.
Борышқордың ауысуы қарызды ауыстыру деп аталады. Міндеттемеде борышқордың ауысуы тек қана кредитордың келісімімен рұқсат етілген. Себебі, борышқордың тұлғасы кредитор үшін өте маңызды болып келетін, кредитор оған сенім білдіретін болу керек, сондықтан танымайтын бөтен біреу оның талабын қанағаттандыра ала ма, жоқ па, кредитордың сенімі толық болмайды.
Міндеттемеде жақтардың көпшілігі – ол кредитордың немесе борышқордың жақтарында екі немесе одан көп тұлғалар болуы. Ол көпшілік белсенді, бәсең және аралас деп айырылады. Белсенді көпшілікте бір борышқорға екі және одан көп кредитор қарсы тұрады. Ал бәсең көпшілікте бір кредиторда екі және одан көп борышқорлар болады. Аралас көпшілік деп кредитордың да, борышқордың да жақтарында екі немесе одан көп тұлғалар қалыптасқанды атайды.
Міндеттемелерді негіздер бойынша жіктеу:

  • ex contractu - келісім шарттан туындаған

  • ex delicto – құқық бұзушылықтан туындайтын

Ежелгі Римде құқық бұзушылықтың екі түрі ажыратылатын:

  • delicta privata – жеке құқықтарды бұзу (зиян келтіру)

  • crimina – қылмыстық әрекет (қылмыс).

Деликттердің нақты түрлері сипатталып, жіктеуге салынған. Сондықтан бұл жіктеуге сәйкес келмейтін зиян келтірушілік - квазиделикт деп аталатын, ал одан туындайтын міндеттемелер – квазиделикттік міндеттемелер.
Келісім шарттардан (контрактылардан) туындайтын міндеттемелер ең көп санды міндеттемелер болып келеді.
Мәмілелер бір және екі тарапты бола алады, ал келісім шарттар – тек қана екі және көп тарапты мәмілелер.
Ежелгі Рим мемлекетінде келісім шарттар тұралы ілім өте терең деңгейде зерттелген. Бірақ келісім шарттардың қалыптасуы тез арада болған жоқ.
Жалпы рим құқығында келісім шарттың тарихи үш түрі бар:
Біріншісі, ең көнесі – nexum – манципация әдісімен, мыс пен таразы қолданып, бес куәнің қатысуымен жасалатын. Бұл шарттар көбінде қарыз беру тұралы мәмілелерін бекіту үшін қолданыпты деген мәліметтер бар.
Екіншісі – стипуляция – ол бір тарап қойған сұраққа екінші тарап тұра сол сөздермен жауап беру арқылы жасалатын мәміле, яғни ауызша нысанда жасалатын.
Үшінші болып қалыптасқан келісім шарттар – литералдық (жазбаша) контракттар.
Келісім шартарды бекіту әдістерінің қатаң формальдылығын зерттеушілер ежелгі Рим қоғамындағы шаруашылықтың оқшауланғандығымен байланыстырады. Әрбір отбасы тамақтарын да, өзге керек-жарақтарын да өздері өндіріп шығаратын. Сондықтан алғашқыда сату, сатып алу, жалдау, қарызға алу, қызмет көрсету және т.б. мәмілелер кең тарамаған. Кең тараған алғашқы мәмілелердеің бірі – айырбас (permutatio) мәмілесі болыпты. Республикалық дәүірдің аяқты шенінде нексум әдісімен берілетін қарыз шарты мутуум деген шартқа орын беріпті.
Рим мемлекеті империя кезеңіне жеткен кезде тауарлар алмастыру кең тарай бастаған. Сол кезде шарттардың жаңа түрлері қалыптасып, келісім шарттар тұралы ілім жоғары деңгейге көтерілген.
Кредиторлардың әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме (in solidum) деп танылады. Ортақтасқан міндеттемелердің кейбіреулері корреалды міндеттемелер деп аталатын.
Міндеттемелер тағы да басқа түрлерге бөлінген:

  • бөлінетін

  • бөлінбейтін

  • цивильдік

  • табиғи

  • альтернативтік

  • факультативтік

Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның құндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме (obligatio alternativa) дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі. Факультативтік (obligatio facultativa) – бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.
Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме бөлінеді:

  • үлестік

  • ортақтасқан

Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орны борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орындалмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды.
Міндеттеме бас кезден-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет