Дәрістер кешені №9 дәріс. Рим құқығындағы міндеттеме қатынастары Мақсаты



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі120 Kb.
#43826
1   2   3   4
4.Міндетемені тоқтату негіздері.
Міндеттеменің тоқтатылу тәсілі:

Тиісінше орындалу дегеніміз – міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау - борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы. Орындау (solutio) түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі.

  1. Новация - бір міндеттемені екінші міндеттемемен ауыстыру.

  2. Зачет (есепке жатқызу) - бұл бір сипаттағы қарама-қарсы талаптардың өтелуі. Есепке жатқызуды қолдану үшін мына талаптар орындалу керек:

- талаптар қарама-қарсы болуы керек, яғни несие берушіге борышқор қарама-қарсы талап беруі тиіс;
-талаптар бір топтағы талап болуы;
-екі талап та орындалу мерзімі жеткен немесе талап ету мерзімі жеткен талаптар болуы тиіс.


5.Вербалды шарттар.
Қарызды кешіру. Бұл несие берушінің борышқорды борыштан босататындығы туралы жариялаған біржақты әрекеті болды. Римде міндеттемеден босатудың тараптардың келісіміне негізделген, міндеттемені тоқтатуды мақсат ететін формальды тәсілдері болды. Несие берушінің міндеттемені орындалғандығын қабылдағаны туралы ауызша формальды өтінімі акцептиляция деп аталды. Акцептиляция формальды сұрақ және жауап жолымен жасалды.


6.Стипуляция. Литералды шарттар. Міндеттеменің орындалу орны мен уақыты
Стипуляция дегеніміз болашақ несие берушінің сұрағымен және оған сәйкес келетін тұлғаның жауабымен жасалатын ауызша шарт болып табылады.
Несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілуі.
Міндеттеме тоқтатылады, егерде несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілсе. Бұл жағдай confusio- тоғысу, сәйкес келу дегенді білдіреді. Мысалы, мұрагерлік немесе бала ғып асырап алу кезінде.
Қорыта келе, Орындау мүмкін еместігі. Мұндай мүмкін еместік заңи және нақты болуы мүмкін. Нақты мүмкінсіздік-бұл, мысалы, жеке белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде болады. Заңи мүмкінсіздік бұл, мысалы, қандай да болмасын міндеттемні орындауға тиым салу туралы заңның шығуы. Мысалы, егер мен бөтен құлды сатсам, ал ол қожайынымен бостандыққа жіберілген болса, онда мен міндеттемеден босатыламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет