Тақырып Жеке адамға қарсы қылмыстар
Талқылау үшін сұрақтар:
1.Өмірге қарсы қылмыстар. Кісі өлтірудің түсінігі мен белгілері.
2. Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз кісі өлтіру (96-б. 1-бөл.)
3. Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру. (ҚК 96-б.2 бөл.)
4. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б.)
5. Жан күйзелісі (аффект) жағдайында адам өлтіру (98-б.). Осы қылмыстың түрлері.
6. Абайсызда кісі өлтіру (101-б.). Осы қылмыстың түрлері.
Өмірге қарсы қылмыстар. Кісі өлтірудің түсінігі мен белгілері.
5
Өмірге қарсы қылмыстар. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК бойынша өмірге
қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК 96-бабы); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК
97-бабы); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК 98-бабы); қажетті қорғаныс шегінен шығу
кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК 99-бабы); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті щаралардың шегінен
шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК 100-бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК 101-бабы); өзінөзі өлтіруге
дейін жеткізу (ҚК 102-бабы).
Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз кісі өлтіру (96-б. 1-бөл.).
Адам өлтірудің объективті жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы
үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы
себептік байланыстың болуын айқындау қажет. Кісі өлтіру негізінен іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады,
бірақ әрекетсіздік нысанында болуы да мүмкін (мысалы, өздігінен тамақ тауып жей алмайтын адамға тамақ
бермеу).
Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру (96-б. 2-бөл.).
ҚК 96-б.2-бөл. өлтірудің сараланған түрлерін анықтайтын он үш тармақты бөліп алды. Оларды
жәбірленушіні сипаттайтын нысандар бойынша және сол қылмыс құрамының элементтері бойынша былай
топтастыруға болады:
Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі.
Қылмыстың объективтік жағы жаңа туған сәбиді өлтіру сияқты заңға қайшы әрекетпен сипатталады. Бұл
қылмыс белсенді әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, баланы
тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босануға байланысты немесе басқадай
себептермен (әке баладан бас тартуы, баланың некесіз тууы, тұрмыс нашарлығы, баспананың жоқтығы, т.б.)
психикасының бұзылуы ық-тимал алғашқы бір тәулік ішінде, патологиялық жағдайда өлтірсе, бұл
жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін. Баланы анадан бөлініп шығып өзінше өмір сүре бастағанда өлтіру де
және оны ана құрсағынан шықпай жатып (бала сырт-қа шыққанша оның басынан ұру арқылы) өлтіру де
бала өлтіргендік болып танылады. Егер өлі балаға өмірге қа-уіпті соққы берсе, онда бұл жарамсыз объектіге
оқталдық деп саналады. Бұл әрекет ҚК 24-бабына сілтеме жасалы-нып 97-бап бойынша сараланады.
Жан күйзелісі (аффект) жағдайында адам өлтіру (98-б.). Осы қылмыстың түрлері.
ҚК 98-бабы адамның жай қобалжуы емес, оның жа-нының қатты күйзелуі сөз болып отыр.
Физиологиялық аффекті адам өлтіру үшін жауап-тылықты жеңілдететін мән-жай деп тану үшін, ол жәбір-
ленушінің заңға қайшы қылығына сәйкес табан асты туындауы қажет. Табан асты қатты жан күйзелісі бола-
тынын кінәлінің өзі де күтпейді.
Қатты жан күйзелісі адамда әр түрлі жағдайларда туындауы мүмкін. Жәбірленуші көрсеткен заңға қайшы
мінез-құлықтың салдарынан ғана көрініс тапқан физио-логиялық аффект жағдайын заң қылмыстық
жауапты-лықты жеңілдететін мән-жай деп таниды. ҚК 98-бабы-ның диспозициясында қолдану үшін тым
болмаса біре-уінің болғандығы анықталуы тиіс мән-жайлар тізімі бе-рілген.
Абайсызда кісі өлтіру (101-б.).
Адамның әдепсіздігі, байымсыздығы, тұрмыста қалыптасқан тәртіпті сақтамауы, ұқыпсыздығы абайламай
адам өлтіруге әкеп соғады. Қылмыстық жауаптылық жә-бірленуші өлгеннен кейін ғана болады, яғни
қылмыстың бұл құрамы материалдық, ол жәбірленуші өлген кезден бастап аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың объектісі адам өмірінің қауіпсізді-гін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
Ең бастысы, жаңа заңда отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты
қарастыратын нормаларға, өз алдына бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасы
мен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жоғарғы деңгейге көтеріп
отырғанын дәлелдейді.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 131-140-баптарында көрсетілген қылмыстарды қамтиды.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі – кәмелетке толмаған адамның жеке тұлғасының қалыптасуымен
немесе отбасының қалыпты өмір сүруімен байланысты нақты қоғамдық қатынастар.
Топтық объектілеріне байланысты бұл тарауға кіретін қылмыстарды мынадай топтарға жіктеуге
болады:
1.Кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының қалыпты адамгершілік және денесінің дұрыс дамуына қол
сұғатын қылмыстар: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап), кәмелетке толмаған
адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап), кәмелетке толмаған адамды саудаға салу (133-
бап), баланы ауыстыру (134-бап).
2. Кәмелетке толмағандардың мүддесіне және отбасылық құқықтық қатынастар саласындағы басқа да
адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар: бала асырап алу құпиясын жария
ету (135-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі
жалтару (136-бап), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап),
балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше
6
орындамау (138-бап), қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап), еңбекке
жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап).
Жәбірленушілер ретінде жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар, ата-аналар және асырап алушылар
танылады. Жәбірленушілердің заңды мүдделері олардың жасына, интеллектуалдық даму деңгейіне,
денсаулық жағдайына қарамастан заңмен қорғалады.
Жасөспірімдер деп жасы он төртке толмаған балалар саналады. Ал кәмелетке толмағандар қатарына
жасы он төртке толған, бірақ он сегізге жетпеген адамдар жатады.
Бұл қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағы әр түрлі әрекеттермен жасалады. Он қылмыстың төртеуі
("балаларын және еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару",
"кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"‚ "балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және "еңбекке
жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару)" әрекетсіздік жолмен де жасалады.
Аталған қылмыстар өзінің құрылымы жағынан формальды құрамды болып есептеледі, яғни
объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қандай да бір қоғамға қауіпті зардаптың тууын
қарастырмайды.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың субъективтік жағы 138-бапта
қарастырылған "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
тиісінше орындамау" қылмысынан басқа қылмыстар кінәнің тікелей қасақаналық түрімен сипатталады.
Бірқатар қылмыстарда субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе опасыз арам
ниеттер көрсетілген.
Бұл қылмыстардың субъектілері болып жасы 18-ге толған кез келген есі дұрыс адам, не ата-аналар,
педагог немесе кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да адамдар, еңбекке
қабілетті кәмелетке толғандар және мемлекет қызметкерлері саналады. Ал кәмелетке толмаған балаларды
саудаға салу және баланы ауыстыру қылмыстары бойынша жауаптылық он алты жастан белгіленген.
3-тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына
қарсы қылмыстар
Талқылау үшін сұрақтар:
1. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі
және түрлері. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-б.)
2. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-б.).
3. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта-телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз
бұзу (143-б.).
4. Еңбек туралы заңдарды бұзу (148-б.).
5. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-б.).
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстардың түсінігі және түрлері. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы, біздің елімізде адам құқықтары мен
бостандықтарының танылатынын және оларға кепілдік берілетінін анықтайды. Конституцияның 2-бөлігінде
жарияланған адам құқықтары мен бостандықтары құқықтың барлық салаларымен, соның ішінде
қылмыстық-құқықтық саламен де қорғалады.
ҚК 3-тарауы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қиянат жасағаны үшін
жауаптылықты қарастыратын нормаларды құрайды. Аталған қылмыстық тектік объектісі адамның
конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Объективтік жағынан қарастырылып отырған қылмыстың көпшілік тобы әрекет арқылы жасалады, бірақ
кейбірі әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін (ҚК 152, 154-баптары). Қарастырылып отырған ҚК-тің
тарауында формальды (ҚК 141, 143, 147, 149, 151, 153, 155-баптары) және материалды (ҚК 142, 148, 150,
152, 154-баптары) құрамдар бар. Жекеленген баптарда қылмыс жасау тәсілі, қылмыс құрамының міндетті
белгісі ретінде көрсетіледі (ҚК 151, 153, 155-баптары).
Осы қылмыс тобының формальды құрамы субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, ал материалды
құрамы тікелей және жанама қасақаналықпен жасалады. ҚК 144 (Дәрігерлік құпияны жария ету) және 152-
баптары (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.
ҚК тек 141 және 148-баптарында ғана қылмыс себебі міндетті белгі ретінде көрсетілген.
Мақсат, міндетті белгі ретінде қарастырылып отырған қылмыс тобының бірінде де көрсетілмеген.
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстың
субъектісі 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс тұлға бола алады. Кейбір құрамдарда арнайы субъект
қарастырылған (ҚК 144, 147, 148, 150-154-баптары).
Тікелей объектіге байланысты адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қыл-
мысты мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 141, 146, 147, 150, 151 153-баптары);
2. Жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 142-145, 149-баптары);
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қатынасы саласындағы құқық қорғауға қарсы қылмыстар (ҚК 148, 152-
баптары);
7
4. Ақпарат саласындағы құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар (ҚК 154, 155-баптары).
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу. Қылмыс объектісі – Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясымен анықталған азаматтардың тең құқықтылығы болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы нәсілдік, ұлттық қатыстығына, жынысына, тіліне және т.б. байланысты
азаматтардың құқықтарын шектеумен көрінеді, бірақ тұлғаның қандай да бір жекеленген сапасына қатысты
емес. Егер ұлттық, діни және басқа да теріс ұғымдар аза-маттың тең құқықтылығын бұзуда негіз болып
табылмаса, онда олар қылмыс ретінде қарастырылмайды.
Қылмыс осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған
деп саналады. Зардаптың түсуі міндетті емес. Қылмыс құрамы формальды.
Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалады.
ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстың субъектісі – қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған
ақыл-есі дұрыс тұлға болуы мүмкін.
ҚК 141-бабының 2-бөлігі адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестіктің
жетекшісінің азаматтардың тең құқықтылығын бұзуын дәрежелеуші белгілері ретінде қарастырады..
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғушылық
құқығына кепілдік берілген. Бұл конституциялық құқық ҚК қорғауында болғандықтан, ол тек заң және сот
тәртібіне сәйкес шектеледі.
Қарастырылып отырған қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынас болып табылады.
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу – кінәлінің, адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе
отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинауы немесе таратуынан тұрады.
Қылмыс жәбірленушінің заңды мүдделері мен құқығына зиян келтірген жағдайда ғана аяқталған
болады. Ал, егер адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жариялау оның беделін көтеруге мүмкіндік
туғызса не оның конституциялық құқығы мен заңды мүддесіне ешқандай қайшы әсер етпесе және зиян
келтірмесе, онда жасалған іс-әрекетті қылмыс деп тануға болмайды.
Қарастырылып отырған қылмыс тек қасақана жасалуы мүмкін.
142-баптың 2-бөлігі мынадай дәрежеленуші белгіні қарастырады: кінәлінің, өзінің қызмет бабын
пайдаланып мәліметтерді көпшілік алдында сөз сөйлеуде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып тарату. Қызмет бабын пайдалану басқа адамның жеке өмірі
туралы мәліметтерге мүмкіншілігі бар тұлғаның оларды белгілі бір ақыға сатумен не таратуымен немесе
өзінің жеке қызығушылығымен көрінуі мүмкін. Бұл жеке өмір туралы мәліметтерді жария түрде хабарлау
үшін демонстрация залының, клубтың, театрдың, лауазымды адамының беруі де болуы мүмкін.
Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын
заңсыз бұзу. Азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарларының немесе өзге
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу хат жазысумен, пошта және телеграф арқылы алысқан хабарлармен заңсыз
танысқан, бөтеннің телефон арқылы сөйлескен сөздерін тыңдаған жағдайда, сонымен қатар телетайп,
телефакс және басқа да телекоммуникация бойынша түскен ақпаратпен заңсыз танысқан жағдайда орын
алады. Заң шығарушы хабарлар құпиясын қиянат жасау тәсілдерінің толық тізімін бермейді, сондықтан өзге
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу үшін жауаптылықты қарастырады.
Хат жазысу, телефонмен сөйлесу немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу корресподенция
адресаттың келісімінсіз басқа адамның игілігіне айналған жағдайда орын алады.
Қылмыс құпия корреспонденцияның, телефон арқылы сөйлесудің және т.б. мазмұнымен танысқан
уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Бұл қылмыс тек қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл-есі
дұрыс жеке тұлға болып табылады.
Егерде бұл қылмысты қызметтегі адам (мысалы, құқық қорғау органының қызметкерлері) не өзінің
қызмет бабын пайдаланатын өзге тұлғалар (телефонистер, пошта тасушылар, телеграфистер) жасаса, онда
ҚК 143-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылықты көздейді. Сондай-ақ, заң шығарушы келісімсіз ақпарат
алу үшін арналған арнаулы техникалық құралдарды пайдалануды дәрежеленуші мән-жайға жатқызады.
ҚК 143-бабының 3-бөлігінде ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды
өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу үшін жауаптылық қарастырылған.
Арнаулы құралдарды өткізу ретінде, басқа заттарға ауыстыруда, қарызын жабу үшін беруді және т.б.
түсінуге болады.
Бұл қылмыс тек қасақана ниетпен жасалуы мүмкін.
Еңбек туралы заңдарды бұзу. Қылмыстың объективтік жағы ҚК 148-бабының 1-бөлігіндегі
жауаптылықты көздейтін үш іс-әрекеттің біреуінің жасалуынан тұрады:
а) қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату;
б) соттың жұмыста қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау;
в) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы
заңдарды өзге де бұзу.
Қылмыс құрамы формальды, яғни оны аяқталған деп тану үшін көрсетілген әрекеттерді (олардан
қандай да бір зардап түсті ме не жоқ па оған қатыссыз) жасау жеткілікті. Еңбек туралы заңдарды өзге де
8
бұзуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соғуды қажет етеді.
Мысалы, еңбек демалысын ұзақ уақыт (бірнеше жылдар бойы) бермеу, осындай зардаптарға әкеп соғуы
мүмкін.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі – еңбек туралы заңды сақтау міндеттемесі жүктелген тұлғалар ғана бола алады,
олар: лауазымды тұлға; мемлекеттік, коммерциялық немесе өзге ұйымдарға жұмысқа қабылдау немесе одан
шығару бойынша міндеттерін атқарушы тұлға; мемлекеттік мекемелердегі, ұйымдардағы, кәсіпорындардағы
осы міндеттер жүктелген лауазымды емес тұлға.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде осы норманың болуы, Қазақстан Республикасы
Конституциясымен регламенттелінген ана мен бала қорғау нысанының бірі болып табылады.
Кінәлі, жұмысқа қабылдаудан бас тарта немесе жұмыстан шығара отырып өзінің жүктілік жағдайдағы
немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелге қатысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты осындай
заңсыз кемсіту іс-әрекеттерін жасайтынын ұғынады және аталған әрекеттерді жасауды тілейді, яғни тікелей
қасақаналықпен әрекет жасайды.
Осы баптың 3-бөлігі ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақыны бірнеше
рет кідірту үшін жауаптылықты көздейді. Бірнеше рет дегеніміз жыл бойына екі және одан да көп рет
дегенді білдіреді. ҚК 148-бабының 3-бөлігін қолданудың міндетті шарты жалақының белгіленген мерзімнен
кем (бірнеше күнге, айға, жылға) және толық емес көлемде төлеуін анықтау болып табылады.
Жалақыға беру үшін арналған ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдалану ретінде, мысалы, оларды
жабдықтар, материалдар, шикізаттар сатып алуға, салық төлеуге және т.б. пайдалануды түсінуге болады.
Бірнеше рет кідірту деп бір адамның жалақысын екі және одан да көп рет кідіртуді ғана емес, сондай-ақ
бірнеше адамның жалақысын беруді бір реттен кідіртуді де бірнеше рет кідірту деп тану керек.
ҚК 148-бабының 3-бөлімінде қарастырылған қыл-мыстың субъектісі – арнайы. Ол меншіктік нысанына
байланыссыз түрде ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда басқару міндеттерін атқарушы тұлға ғана
бола алады.
Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. ҚК 145-
бабы-ның талданып отырған 1-бөлігі тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру үшін
қылмыстық жауаптылық тағайындайды.
"Басып кіру" ретінде тұрғын үйге өз еркімен енудің кез келген тәсілін: ашық, тұрғын үй қожайынының
еркінен тыс немесе жасырын, олардың жоқ уақытында енуді түсінуге болады.
"Тұрғын үй" ретінде үйді немесе бір немесе бірнеше тұлғаның уақытша немесе тұрақты тұруы үшін
құрылысты, соның ішінде, жеке меншік немесе арендаға алынған пәтерлер, үй, саяжай үйін, қонақ үйі
нөмірін, каютаны, сондай-ақ соларға тікелей жалғасқан веранда, терраса, галерея, подвал және тұрғын үй
құрылысының шатырын, көп пәтерлі үйден басқасын, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемелерін түсінуге
болады.
Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзудың кешіктіруге болмайтын (өртті ескерту үшін, қылмыстың
алдын орау үшін және т.б.) жағдайлары заңмен қарастырылған және құқыққа қарсы болып табылмайды.
Мұндай әрекеттер формальды болғанымен қажетті-лікпен көрсетілген (ҚК 32-34-баптары).
Қылмыс тұрғын үйге кез келген тәсілмен құқыққа қарсы басып кірген уақыттан бастап аяқталады (ашық
немесе жасырын).
Осы қылмыс тікелей қасақаналықты қарастырады. Қылмыс субъектісі – тұрғын үйге қол сұғылмаушы-
лықты бұзушы жеке тұлға болуы мүмкін. ҚК 145-бабы-ның 2-бөлігі күш қолданып не оны қолданамын деп
қорқытуды – дәрежелеуші ретінде қарастырған.
1.Адамдар тобымен жасалған тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру (екі немесе
одан да көп адамның алдын ала келіспей-ақ әдейі бірлесіп бөтен үйге басып кіруден тұрады).
2. Тұрғын үйге түнгі уақытта басып кіру. Қазақстан Республикасы ҚПК 7-бабының 43-тармағына сәйкес
түнгі уақыт – бұл жиырма екімен таңғы сағат алтының арасындағы уақыт.
3. Заңсыз тінтумен ұласқан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс заңсыз басып кіру. Тінту –
прокурормен немесе оның орынбасарымен санкцияланған дәлелденген қаулы бойынша тергеушімен
жүргізіледі. Осы тәртіпті бұзу арқылы жасалынған тінтуді заңсыз деп тану керек.
4. Тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау, оған өкілеттілігі жоқ лауазымды адам немесе осы әрекетке
өкілеттілігі бар, бірақ оны заңды негіздерсіз (прокурордың санкциясы немесе сот қаулысы не оның шешімі
жоқ) жүзеге асырушы адам жасаған әрекеттерді болжайды.
ҚК 145-бабының 3-бөлігі адам өзінің қызмет бабын пайдаланып тұрғын үйге онда тұратын азаматтың
еркінен тыс заңсыз басып кіруі үшін жауаптылықты қарастырады.
ҚК 145-бабының 3-бөлігімен қарастырылған қылмыстың субъектісі бөтен үйге құқыққа қарсы басып
кіруде өзінің қызмет бабын пайдаланатын (құқық қорғау ор-гандарының қызметкерлері, қонақ үйі
директоры және т.б.) тұлғалар ғана бола алады.
Мұндай тұлғалармен тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу, егер олар тұрғын үйге ешқандай құқығы
болмай басып кірген және бұл олардың өкілеттілігіне кірмеген сондай-ақ, егер бұл әрекеттер бұған құқығы
бар адам жүргізген, бірақ, оларды жасауда заңды негіздер болмаған немесе заңда жазылғандарды
9
сақталмаған (өкілеттік берілген қызметтегі адамның прокурордың тиісті санкциясынсыз немесе соттың
қаулысынсыз не оның шешімінсіз) жағдайда орын алады.
152-бап. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-ба-бына
сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына және қа-уіпсіздік пен тазалық талаптарынан сай еңбек ету
жағдайына құқығы бар. Қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету құқығы – жұмысшының негізгі құқығының
бірі. Бұл құқықты бұзу ҚК 152-бабында қарастырылған белгілі мән-жайларда қылмыстық жауаптылыққа
әкеп соғуы мүмкін.Заңмен бекітілген еңбек талаптары қарастырылып отырған бапта аталған қылмыстың
объектісі болып табы-лады.
Осы қылмыс кәсіпорындарда, мекемелерде, кооперативтерде, фермерлік (шаруашылық) қожалықтарда
және басқа да меншіктік және шаруашылық нысанындағы әр түрлі ұйымдарда жұмыс істеуші азаматтардың
еңбек талаптарына қиянат жасайды. Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы нәтижесінде, жәбірленуші, осы
кәсіпорындардың тұрақты қызметшілері мен жұмысшылары ғана емес, сонымен қатар оларда уақытша
жұмыс істеуші тұлғалар да бола алады.
Қылмыстың объективтік жағы абайсыздықтан денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиянның
түсуіне әкеп соқтыратын қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе өзге де еңбекті
қорғау ережелерін бұзатын әрекеттен не әрекетсіздіктен тұрады.
ҚК 152-бабының диспозициясы бланкетті болып табылады, себебі, еңбекті қорғау ережелері сансыз көп
және әр түрлі және оларды заң баптарында атын атап шығу, шындығында, мүмкін емес, сондықтан кінәліні
қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін, қандай арнайы ережелердің бұзылғанын анықтау қажет (бұл
қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін немесе өзге де еңбекті қорғау ережелерін бұзу).
Қылмыстың субъектісі – тек осы ережелерді сақтауды қамтамасыз ету немесе ұйымдастыру бойынша
міндеттемелер жүктелген тұлғалар ғана бола алады, олар лауа-зымды тұлғалар, коммерциялық немесе өзге
ұйымдардағы еңбекті қорғау ережелерін сақтау бойынша міндеттерін атқарушы тұлғалар, мемлекеттік
мекемелердегі, ұйымдар-дағы, кәсіпорындардағы осы міндеттер жүктелген лауазымды емес тұлғалар. Осы
қылмыстың субъектісі үшін тән белгілері болып оның қызмет бабының күшіне қарай немесе еңбекті қорғау
және жұмыс бөлімшелеріне сәйкес қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау немесе олардың орындалуын
бақылау бойынша арнайы тапсырма бойын-ша оған міндеттер жүктелуі болып табылады. ҚК 152-ба-бының
1-бөлімінде көзделген зардаптарға әкеп соқтырған еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік
санитария ережелерін бұзуды мұндай міндеттер жүктелмеген адам жасаса, ол денсаулыққа қарсы
қылмыстар үшін жауап беруі тиіс.
Егер, жоғарыда аталған ережелерді бұзу абайсызда адам өліміне әкеп соқтырса, онда жауаптылық осы
баптың 2-бөлімі бойынша түседі. Мұндай жағдайда кінәлі менмендікпен немесе қылмыстық
немқұрайдылықпен әрекет жасауы тиіс (ҚК 21-бабы).
Қылмыстың субъективтік жағы ҚК 152-бабының 1-бөлімінен тікелей келіп шығатын кінәнің
абайсыздық нысанымен (менмендік немесе немқұрайдылық) сипат-талады. Менмендік, тұлға өзінің
әрекеттерінен (әрекетсіздік) қоғамдық-қауіпті зардаптардың түсуі мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ, бұл
әрекеттерді болдырмауды жеткілікті негіздерсіз жеңіл ойлауынан тұрады. Немқұрайдылықта, кінәлі, өзінің
әрекеттерінен (әрекетсіздік) қоғамдық-қауіпті зардаптардың түсуі мүмкіндігін алдын ала білмейді, дегенмен,
қажетті ұқыптылықпен сақтықта бұл зардаптарды алдын ала білетін де және білуге тиіс те еді.
Егер, тұлға, қасақана әрекет жасаса (тікелей немесе жанама қасақаналықпен), онда ол денсаулыққа
қасақана зиян келтіргені үшін (ҚК 20-бабы) жауап беруі тиіс.
Талданып отырған бап кәсіпорынның сол немесе өзге өндіріс саласына жататынына қатыссыз, еңбекті
қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндіріс санитариясының жалпы ережелерін қарастырады. Сондықтан
ҚК 152-бабында көзделген құрамды дұрыс ажырату қажет, мысалға, ҚК 245, 246-баптарында көзделген
меншіктік нысанына қатыссыз кәсіпорындар мен салаларға сәйкес қауіпсіздік техникасының арнайы
ережелерін бұзуы үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін құрамдар. Қазіргі жағдайда, кінәліге ҚК 152-
бабы емес, ал осы нормалар-дың бірі қолданылады. Егер ережелерді (мысалы, тау не-месе құрылыс
жұмыстарын жүргізудегі ережелер) бұзу кезінде еңбекті қорғаудың жалпы ережелері де бұзылса, бұған осы
ережелерді сақтау және ұйымдастыру бойынша міндеттер жүктелген тұлға кінәлі болады және ҚК 152, 245
және 246-баптарымен көзделген қылмыстың жиынтығы бойынша жауаптылыққа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |