тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
Өкілеттіктерді теріс пайдалану.
Қарастырылып отырған норма коммерциялық және өзге ұйымдармен және осы ұйымдардың ішкі ара-қаты-
насын қылмыстық-құқықтық құралдарымен қорғауға алған.
Осы қылмыстың объективтік жағы коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін
атқаратын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы әрекеттерімен және
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірумен сипатталады.
Өкілеттікті пайдалану дегеніміз – басқару қызметін атқаратын адамның өзіне берілген құқықтық
деңгейде іс-әрекет жасауын айтамыз.
Елеулі зиян келтіргеннен бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс құрамы – материалды.
Сондықтан кінәлінің іс-әрекетімен одан түскен елеулі зиянмен екеуінің арасындағы себептік байланысты
анықтау міндетті белгі болып табылады.
Қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналығымен және арнайы
мақсатымен сипатталады:
а) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу;
б) басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру;
Кінәлі пайданы өзіне алып қалу үшін жасаған іс-әрекетінің өзінің ұйымының мүддесіне зиян
келтіретінін біле тұра соны тілейді не басқа мүдделерге зиян келуіне саналы түрде жол береді. Кінәлінің
басшылыққа алып отырған себептері пайдақорлық сипатта болғанымен, оның қылмыстық іс-әрекетті
дәрежелеу үшін маңызы жоқ.
Қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі туралы түсінікті заң шығарушы сол заңның өзінде береді.
ҚК 228-баптың ескертуіне сәйкес, осы Кодекстің баптарында меншік нысанына қарамастан коммерция-
лық ұйымда, сондай-ақ мемлекеттік орган, жергілікті басқару органы болып табылмайтын коммерциялық
емес ұйымда тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкілдік немесе әкімшілік-шаруа-
шылық міндеттерді атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерін
атқаратын адам деп танылады.
Жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы
Осы норма жекеше нотариустар мен аудиторлардың әрекеттерінің қызмет саласындағы қалыпты қоғамдық
қатынасты белгіленген заңмен қорғауды өзінің мақсаты етіп қояды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 14 шілдеде шыққан "Нотариат туралы" Заңына сәйкес,
жоғары заң білімі бар және заң саласында екі жылдан жоғары қызмет істеген және осы заңға сәйкес
талаптарды орындаған тек Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады (15-бап). Заң
жекеше және мемлекеттік нотариустарға тең құқық және міндеттер белгілейді.
Нотариустың құқықтары Заңның 17-бабында бекітілген.
Нотариус:
1) өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республи-
касының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2) мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3) құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін жасауға;
4) нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;
5) жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
6) техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
- мәмілелерді куәландырады;
- шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
- мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
- мұраға құқық туралы куәліктер береді;
20
- құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
- құжаттарға қойылған қолдың түп нұсқалығын куәландырады;
- азаматтың тірі екендігі фактісін немесе белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
- ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды;
- орындау қағаздарын, вексель наразылықтарын, теңіз наразылықтарын жасайды;
- дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Егер іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмесе нотариус оған нотариаттық іс-әрекет жа-
саудан бас тартуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы сараптау ко-
миссиясында аттестацияланған және "аудит" деген атағы бар куәлік алған жеке тұлғаны аудитор ретінде
белгілейді. Аудитор жеке кәсіпкер ретінде немесе аудиторлық ұйымның жұмысшысы ретінде аудиторлық
іс-әрекеттер жасауға құқылы.
Аудиторлық қызмет дегеніміз – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкер-
лік қызметі.
Аудит дегеніміз – жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қа-
зақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі –
аудиттелетін субъектілердің) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдардың тәуелсіз тексеруі болып табылады.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргізу әдістерін өз бетімен белгілеуге;
2) шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық қызмет құжат-
тамасын алуға және тексеруге;
3) осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды қоспағанда, түрлі саладағы мамандарды аудит жүргізуге қа-
тысуға шарттық негізде тартуға;
4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге жасалған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден
не аудиторлық қорытынды беруден бас тартуға құқылы.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар:
1) аудиттелетін субъектіден алынған және аудит процесінде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз
етуге;
2) аудиттелетін субъектіге қаржылық есептілік пен өзге де құжаттардың заңдарға сәйкессіздігі анықталғаны
туралы хабарлауға;
3) аудит нәтижелерінің, сондай-ақ аудит жүргізу кезінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорға-
латын өзге де құпиясының нысанасын құрайтын мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.
ҚК 229-баптың 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстың объективтік жағы жекеше нотариустың немесе
жекеше аудиторлардың өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне
елеулі зиян келтірумен сипатталады.
Өз қызметтерінің міндеттеріне қарсы іс-әрекет деп– жекеше нотариусқа немесе аудиторға заңға сәйкес жүк-
телген міндеттерді орындамау немесе құқықтары теріс пайдалануды айтамыз. Мысалы: нотариустың заңдас-
тырылмаған мәмілені куәландыруы немесе аудитордың аудит жүргізу барысында алынған құпия мәліметті
жария етуі.
Бұл қылмыстың құрамы құрылымы жағынан материалды болып табылады. Кінәлінің іс-әрекетінің нәтижесі-
нен келтірілген елеулі зиян осы қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі
болып табылады. Факультативтік белгілер іс-әрекетті дәрежелеуге әсерін тигізбейді, ал жаза тағайындау
үшін маңызы бар.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Субъект, өзінің өкілеттілігін
теріс пайдалана отырып өзгелердің мүддесіне зиян келтіретінін түсінеді және тілейді немесе солардың бо-
луына саналы түрде жол береді. Қылмысты жасау себебі пайдақорлық болып табылады.
Осы қылмыстың дәрежеленген түрі:
- көпе-көрінеу кәмелетке толмаған не әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты жасалған нақ сол іс-әрекетке
жауаптылықты көздейді. Кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты өз өкілеттілігін
теріс пайдаланып отырған қандай да бір іс-әрекеттерді жасағанын кінәлі ұғынса, онда оның іс-әрекеті 2-
бөлімде көрсетілген норма бойынша жауаптылыққа тарту үшін негіз болады.
- бірнеше рет. Беріліп отырған дәрежелеу белгісі, жекеше нотариустың немесе аудитордың бұрын жасаған
іс-әрекетінде ұқсас қылмыс құрамының болуын көрсетеді, ал тұлғаның осы жасаған іс-әрекеті үшін
қылмыстық-жауаптылыққа тартылғаны немесе қылмыстық-жауаптылыққа тартылмағанына байланысты
емес. Нақ осындай қылмыс үшін жауаптылыққа тартқан жағдайда, оның қылмыстық қудалау бойынша
ескіру мерзімін ескеру қажет.
Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы.
Бұл бап Қазақстан қылмыстық заңы үшін жаңа бап болып табылады және оның мақсаты – азаматтарға, қо-
ғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірілу мүмкіндігінің алдын алу болып табылады.
Жекеше күзет қызметінің мақсаты, жеке және заңды тұлғалардың қауіпсіздігін және өздеріне берілген
заңмен шектелген өкілеттілікпен олардың мүліктерін мүлтіксіз сақтау. Көрсетілген қызмет азаматтардың,
21
қоғамның немесе мемлекеттің құқығы мен заңды мүдделеріне қысым жасамауы және міндетті түрде
лицензиялануы тиіс.
ҚК 230-баптың 1-бөлімінде беріліп отырған қылмыстың объективтік жағы лицензияға сәйкес өздеріне беріл-
ген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалануымен және бұл әрекет күш
қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалуымен сипатталады.
Өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалану іс-әрекеті жекеше күзет қызметінің іс-әрекетінің
міндеттері және мақсатымен байланысты бекітілген құрылтай құжаттарының бұзылу жағдайын болжайды.
Өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекеті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса, онда
қылмыс аяқталған деп саналады.
Күш қолдану дегеніміз – денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіретіндей іс-әрекет арқылы адамның
дербес құқылығын бұзуымен түсіндіреді. Адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қарастырылып отыр-
ған қылмыс құрамын қамтымайды және ол осы баптың 2-бөлімімен дәрежеленеді.
Күш қолданамын деп қорқытып адамның психикалық дербестігін бұзады және оның санасына қорқыныш
ұялатуды білдіреді. Қорқыныш ұялату тәсілдері: ауызша, тікелей немесе үшінші бір адам арқылы және т.б.
сияқты әр түрлі болуы мүмкін. Қорқыту кінәлі де, жәбірленуші де ұғынатындай нақты болуы тиіс.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлтіремін деп қорқытқан жағдайда бұл жағдай қосымша дәрежелеуді қажет
етпейді және қарастырылып отырған іс-әрекеттің құрамын толық қамтиды (ҚК 230-бап. 2-бөлігі).
Осы қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің қасақана формасымен сипатталады. Кінәлі жасаған іс-әреке-
тінің құқыққа қарсы екендігін түсінеді, адамның дербестігіне күш қолданып немесе күш қолданамын деп
қорқыту түріндегі зиянды зардаптың түсетінін біледі және оның түсуін қалайды. Кінәлі түскен зардапқа
байланысты, сондай-ақ, жанама қасақаналықпен әрекет етуі мүмкін. Кінәлі басшылыққа алған себептері
әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қылмысты дәрежелеуге әсері болмайды.
Беріліп отырған қылмыстың субъектісі – арнайы. Бұл жекеше күзет қызметінің қызметшісі немесе жетек-
шісі.
Қарастырылып отырған норманың 2-бөлімі қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр
зардап келтірген нақ сол әрекетке жауаптылықты тағайындайды. Қару және арнаулы құралдар деп
Қазақстан Республикасының 1998 жылы 30 желтоқсанда шыққан "Жекеленген қарулар түріне
мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңына сәйкес танылған заттарды айтады. Ауыр зардап туралы
түсініктің бағалау сипаты бар мұндайлар ретінде адамның дербестігіне және мүлікке келетін ауыр
зардаптарды түсінуге болады. Мысалы: экономикалық пайданы жіберіп алу, іскерлік атақты жою, ішкі
сезімді уақытша немесе ұзақ уақытқа бұзу және т.б. Және де түскен ауыр зардапқа кінәлінің қатысы
оларды тек қана абайсызда келтірумен ұштасады.
Коммерциялық сатып алу.
Осы норма коммерциялық және өзге ұйымдардың басқару қызметін, сонымен қатар олардың абыройын жә-
не іскерлік атағын қылмыстық-құқықтық құралдарымен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық
заңға алғаш рет енгізіліп отыр.
Беру дегеніміз – басқару міндеттерін атқаратын тұлғаға кінәлінің ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік
беруі.
Мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуді қайтарымсыз негізде мүліктік жеңілдік беру ретінде түсінуге болады
(автокөлігін жөндеу, құрылыс материалдарын беру, қарызын төлеу және т.б.).
Қызмет бабын пайдалану деп – қызмет мүддесіне қарамастан өз өкілеттігін асыра пайдалану және сатып
алушы адамның пайдасына заңсыз қызмет көрсетуді айтады. Қылмыс, кінәлінің көздеген мақсатына
жеткеніне қарамастан, осы іс-әрекеттің жасалған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.
Осы норманың 2-бөлімі бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе
ұйымдасқан топпен жасалған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылықты қарастырады.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәлінің тікелей қасақаналығымен сипатталады. Тұлға жасаған іс-
әрекеттің құқыққа қарсы екендігін түсінеді, өзінің не басқа тұлғаның керегін қанағаттандыру үшін
коммерциялық немесе өзге ұйымдардың мүддесін бұзу барысында зардаптың түсетінін біледі және
соны тілейді.
3-бөлімде қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару
қызметін атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік алуы, сол сияқты өз қызмет бабын
сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметті пайдалануды
қамтиды.
Ақша, бағалы қағаздар және басқа мүлік алу деп оларды кінәлінің қандай да бір тәсілмен болмасын қабыл-
дап алуын айтамыз. Мысалы: тікелей, үшінші бір адам арқылы, пошта арқылы және т.б.
Мүліктік сипаттағы қызметті пайдалану дегеніміз– кінәлінің өзіне берілген мүліктік жеңілдіктерді толық не-
месе жартылай пайдаланғанына қарамастан, оларды пайдалануымен түсіндіріледі.
Заңсыз дегеніміз – іс-әрекеттің қызмет мүдделеріне қарсы жасалуымен және басқару міндеттерін атқаруда
белгіленген тәртіптердің бұзылуымен түсіндіріледі.
Қылмыс, сатып алушылықты жасаған тұлғаның пайдасына қарай нәтижеге жеткеніне қарамастан, қылмыс
құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілердің біреуін бастаған кезден бастап аяқталған болып
саналады.
22
Іс-әрекеттің субъективтік жағы тек қана тікелей қасақаналықпен сипатталады. Коммерциялық немесе өзге
ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын тұлға қылмыстың субъектісі болып табылады.
Осы көрсетілген норманың 4-бөлімінің мынадай дәрежелеуші белгілері бар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған іс-әрекеттер;
б) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер;
в) қорқытып алумен байланысты жасалған іс-әрекеттер.
Міндеттеріне адал қарамау.
Қарастырылып отырған норма коммерциялық немесе өзге ұйымдардың қызмет өрісіне қатысты күзет қыз-
метін қамтамасыз ету және ауыр зардаптардың немесе адам өлімінің алдын алу ретінде түсіндіріледі.
Қылмыстың объективтік жағы, тұлғаның өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауымен
сипатталады.
Тұлғаның өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы дегеніміз, тұлғаның іс-әрекетті, өзіне
берілген функциональды міндеттеріне сәйкес және міндетті түрде орындау үшін жүктелген өкілеттіктерге
сәйкес (толық көлемде немесе жартылай) орындамауымен сипатталады.
Қылмыс құрамы құрылымы жағынан материалды болып табылады. Іс-әрекет ауыр зардап түсірсе немесе
адам өлімі болса, онда қылмыс аяқталған деп есептеледі.
тақырып. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
1. Терроризм. (233-б.). Оның ұқсас қылмыстардан айырмашылығы.
2. Адамды кепілге алу. (234-б.). Оның адам ұрлаудан айырмашылығы.
3. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе
оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу. (235-б.).
4. Бандитизм. (237-б.).
5. Теңіз қарақшылығы. (240-б.).
6. Жаппай тәртіпсіздіктер. (241-б.).
Терроризм. Оның ұқсас қылмыстардан айырмашылығы.
Заң террорлық әрекетке – адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті
басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасауды,
егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім
қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен
қорқытуды іске асыру деген анықтама береді
1
.
Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік.
Қылмыстың объективті жағы төмендегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:
а) адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың
болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау;
б) аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту;
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың
орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап
аяқталған қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не басқа
зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен байланысты. Тұлға адамдардың қаза болу,
елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші
жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын немесе осындай әрекеттерімен қорқытатындығын түсініп
біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.
Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік
органдардың шешім қабылдауына ықпал ету – оның негізгі белгісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сол сияқты, халықты қорқыту мақсаттары тұлғаның қоғамды дүрбелең
күйге ұшыратуға, қалың көпшілікті өздерінің өмірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге
ұмтылумен сипатталады.
Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бұл органдарды
терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз әрі тиімсіз әрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр
қылатындай ниетінің болуымен байланысты.
Қылмыстың субъектісі – 14 жасқа толған тұлға.
Адамды кепілге алу. Оның адам ұрлаудан айырмашылығы.
Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік.
Адамды кепілге алудың бағаланған түрлері кезінде адам денсаулығы мен өмірі қосымша тікелей
объект ретінде қарастырылады.
Қылмыстың объективті жағы тұлғаны, яғни оның босатылуына мемлекет, ұйым немесе жеке азамат
мүдделі болып отырған тұлғаны, аманат ретінде алу не ұстаумен сипатталады.
23
Адамды кепілге алу – бұл бір немесе бірнеше тұлғалардың жеке бостандығын заңға қарсы түрде,
күшпен шектеу
3
.
Аманатқа ұстау – кепілге алынған адамның бостандыққа шығуына заңсыз түрде күш қолданумен
кедергі жасау.
Адамды кепілге алу немесе ұстау психикалық күш қолданумен қоса жүруі тиіс: өлтірумен,
денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр, ауыр зиян келтірумен, мүлікті жою немесе бүлдірумен қорқыту, сол
сияқты, өмірге және денсаулыққа қауіпсіз дене күші қолданылады (соққы беру, ұру, байлау, т.б.).
Қылмыс кепілдікке алынған немесе ұсталып отырған адамның бостандығын іс жүзінде шектеу
сәтінен бастап, оның созылу мерзіміне қарамастан, аяқталған болып есептеледі.
Субъективті жақ тікелей ниетке байланысты.
Қылмыстың субъективті жағының міндетті болып табылатын белгісі – мақсаты.
Кепілге адам алу адам ұрлаудан (ҚР ҚК, 125-бап), негізінен, мақсаттарының мазмұны бойынша
ерекшеленеді.
14 жасқа толған кез келген тұлға қылмыстың субъектісі болуы мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны
басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу.
Заң бұл аталған қылмыстық-құқықтық норманы ҚК 235-бабының 1,2-3-бөлімдерінде дербес
қылмыстық-құқықтық іс-әрекеттер көзделетіндей қылып құрастырған.
Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік.
ҚК 235-бабының 1-бөлімінің объективті жағы төмендегідей әрекеттермен сипатталады:
а) ұйымдасқан қылмыстық топ құру;
б) ұйымдасқан қылмыстық топты басқару.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру оны ұйымдастыруға бағытталған белсенді әрекеттер жүргізуге
(адамдарды жинау, қару алу) байланысты.
Ал, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару – құрылған топтың іс-әрекеттерінің бағытын анықтап
отыруды білдіреді (нұсқаулар беру, жоспарлар жасау).
Субъективті жақ тікелей ниеттің болуымен сипатталады. Тұлға өзінің ұйымдасқан қылмысты топ
құратындығын, дәл сол сияқты, оны басқаратындығын ұғып, түсінеді және соны тілеп істейді.
Қарастырылушы қылмыс құрамының субъектісі –16 жасқа толған тұлға.
Қарастырылушы қылмыс объектісі – қоғамдық қауіпсіздік.
Қылмыстық қауымдастықты (ұйымды) құру, сол сияқты, ол қауымдастықты (ұйымды) немесе оған
кіретін құрылымдық бөлімдерді басқару және ұйымдасқан топтардың ұйымдастырылушыларының,
басқарушыларының немесе өзге өкілдерінің бірігуін құру – қылмыстың объективті жағын құрайды.
Субъективті жағынан алғанда, қылмыс тікелей ниеттің болуымен сипатталады. Айыпты өзінің
қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) немесе ұйымдасқан топтардың ұйымдастырушыларының,
басқарушыларының не өзге өкілдерінің бірігуін құрып отырғандығын немесе қылмыстық қауымдастықты
(қылмыстық ұйымды) басқаратындығын түсініп біледі және осы әрекеттерді жасауды қалайды да.
Қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық топты) құрудың міндетті белгісі – ауыр және аса ауыр
қылмыстар жасау мақсаты.
Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, қылмыс-
Бандитизм.
Қылмыстың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.
Бандитизмнің объективті жағы тұрақты қарулы топ (банда) құрып, сол сияқты осындай топты
(банданы) басқарудан тұрады.
Банданың белгілері: 1. Екі не одан көп тұлғалардың болуы;
2. Тұрақтылық;
3. Қаруланғандық;
4. Мақсат – адамдарға және ұйымдарға шабуыл жасау.
Қылмыстың субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен сипатталады: айыпты тұрақты қарулы топ
(банда) құратындығын немесе оны басқарып отыратындығын түсінеді және осыны қалайды. Бандитизмнің
себептері әр түрлі болуы мүмкін (пайдакүнемдік, өш алу, т.б.). Субъективті жақтың міндетті белгісі –
азаматтарға және ұйымдарға шабуыл мақсаты.
Қылмыстың субъектісі - қарулы топтың (банданың) ұйымдастырушысы немесе басшысы болып
табылатын 16 жасқа толған тұлға. Банда құрамында қылмыс жасаған 14 пен 16 жас аралығындағы тұлғалар
ҚК-ң 15-бабының 2-бөлігі бойынша 14 жастан бастап жауаптылық көзделген әрекеттері үшін жауаптылыққа
тартылады.
ҚК-ң 237-бабының 2-бөлігінде тұрақты қарулаған топқа (бандаға) немесе оның жасаған
шабуылдарына қатысу үшін жауаптылық белгіленген.
Тұлғаның банда құрамында қандай болмасын бір әрекет жасау – жасамауына қарамастан, оның банда
мүшесі ретінде сол банда құрамына кіруінің өзі бандаға қатысуды білдіреді.
24
Банданың жасайтын шабуылдарына тікелей қатысуды ғана емес, сол сияқты осы банданың
мүддесіндегі өзге де әрекеттерді орындауды да, мысалы: қаржыландыру, қарумен жарақтандыру, шабуыл
жасау объектілерін іздестіру, көлікпен қамтамасыз ету, т.б. қаруланған бандаға қатысу деп түсіну керек.
Ал банданың жасайтын шабуылдарына қатысу - қарулы банданың мүшесі болмастан, оның жасаған
жекелеген шабуылдарына қатысушы тұлғалардың әрекеттерінен тұрады.
ҚК-ң 237-бабының 3-бөлігінде тұлғаның өз қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған, яғни
мемлекеттік (мысалы, полиция қызметкері, әскери қызметкер) немесе мемлекеттік емес ұйымдар мен
мекемелердегі (мысалы, жеке күзет қызметіндегілер) қызметте тұрған тұлғаның жасаған бандитизмі үшін
күшейтілген қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |